Previous Page  308 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 308 / 400 Next Page
Page Background

308

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

мұсылман үмбетін екіге бөлген осы қозғалыс Ха-

лифат ішіндегі билікке күрес жолындағы әулеттік

бәсекелестіктің ақыры мұсылман әлемінің тағдырына

зор ықпал етті

539

.

Саяси мәзһаб ретінде шииттердің қай кезде

шыққанына қатысты түрлі пікір айтылғанымен, оның

Алидің (р.а.) баласы хазірет Хұсейіннің өлтірілуінен

кейін кең тарала бастағаны белгілі

540

. Омеядтар

кезеңінде Али жақтастары қуғынға ұшырап, жапа

шекті. Мемлекет тарапынан қысым көрген осы топқа

жанашырлар көбейіп, хазірет Али мен ұрпақтарын

зұлымдықпен өлтірілген шейіттер қатарынан санаған

шииттердің жақтастары артты

541

.

Шииттер бойынша, имамдық – ұлттың таңдауына

тасталған жалпыхалықтық мәселе емес. Сондықтан,

оны үмбет тағайындай алмайды. Имамдық – діннің

негізі, Исламның бір қағидасы. Сол себепті, Пайғамбар

оны назардан тыс қалдыра алмайды. Имамды

пайғамбардың өзі тағайындауы тиіс. Имам үлкен-кіші

күнәлардың бәрінен қорғалған.

Шииттердің бәрі бір деңгейде емес. Шииттер VIII

ғасырда өз арасында мұғтәдилдер (жұмсақ, орташа)

мен мүфриттер (шектен шыққандар) деп екіге бөлінді.

Араларында хазірет Али мен ұлдарын мақтауда тым

әсірелікке бой алдырғандармен қатар орташалары да

болды. Орташалар (мұғтәдил): хазірет Алиді басқа

сахабалардан артық санаумен шектеледі, басқаларды

кәпірге жатқызбады. ИбнӘбил-Хадид осы орташа топқа

539

Ислам энциклопедический словарь, Москва, «Наука», 1991,

298-б.

540

Е. Рухи Фығлалы 119-120-б.

541

Әбу Захра,

Әбу Ханифа

, 96-б.