Previous Page  305 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 305 / 400 Next Page
Page Background

305

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Ендігі кезекте осы ілімнің қалыптасуының

алғышарттарына қысқаша тоқтала кетейік. 632 жылы

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қайтыс болғаннан

кейін, Ислам діні әкелген ой еркіндігінің нәтижесінде

мұсылмандар Құран мен хадиске түрлі түсінік беріп,

ағымдарға бөліне бастады. Бұған қоса сырттан түрлі

тіл, дін, ұлт пен мәдениет өкілдері Исламды қабылдап,

сан-алуан саяси-идеологиялық әрекеттердің өршуіне

де ұйытқы болды. Мәселен, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

дүниеден өткен соң, халифалық мәселе

төңірегіндегі жанжалдар шииттердің шығуына түрткі

болды. Кейіннен, 656 жылы үшінші халифа хазірет

Осман (р.а.) шейіт болғаннан кейін, мұсылмандар

өзара қақтығысып, Жәмәл оқиғасы, артынша 657

жылы Сыффин қарулы қақтығысы орын алды. Осы

соғыстарда адам өлтіру, әсіресе мұсылманды мұсылман

қолымен өлтіру әрекетінің ақыры үлкен күнәлармен

аяқталды. Осындай жағдайда «Үлкен күнә істеген

пенденің халі не болмақ?» деген сұрақтар туындады.

«Иман мен күпірдің аражігі қалай ажыратылады, со-

нымен қатар адамның қалау еркіндігі мен еркіндіктің

шегі қандай?» деген бірқатар мәселелер де өз шешімін

талап етті. Бұл мәселелер төңірегінде түрлі көзқарастар

айтылып, ақырында мұсылмандар арасында мүржия,

харижиттер, қадария, муғтазила және жәхмия секілді

мәзһабтардың шығуына әкеліп соқтырды. Сонымен

қатар, Ислам халифатына қарасты аймақтарда түрлі дін

мен мәдениет өкілдерімен мұсылмандардың қарым-

қатынас орнатуы, пәлсапалық түсініктердің Ислам

әлеміне жайыла бастауы секілді сыртқы ықпалдар