Previous Page  300 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 300 / 400 Next Page
Page Background

300

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

кеп жамандаса, басқа бір жерде мақтағандықтары

жазылған. Осынау пікір қайшылығының түп төркіні

неде? Біріншіден, Әбу Ханифаны кейде даттап, кейде

мақтап ол туралы пікірін өзгертуі ақылға сыймайды.

Олай болса, бұл еңбектегі сенімсіз адамдардың аттары

аталатындықтан, ұлы тұлға жайындағы жағымсыз

пікірлердің дені солардың аузынан шықты дегенге кім

сенеді? Екіншіден, жоғарыда келтірілген мысалдар-

дан байқағанымыздай, Әузағи секілді кейбір ғалымдар

Имамның әдіснамасын дұрыс түсінбегендіктен, әуелі

қарсы шығуын шыққанмен, оны жақыннан танығаннан

кейін көзқарастарын өзгерткен болуы кәдік.

Ең бастысы, оны қарапайым халық емес, заманының

хадис пен фиқһта танымал болған ғалымдар мақтап,

өз лебіздерін білдірген болатын. Әбу Ханифа 55 мәрте

қажылық жасаған, Меккеде, Мәдинада және Басра

мен Бағдатта қаншама ғалымдармен жолығып, оларға

өз ойын айтып, ижтихадының негізгі қағидаларын

түсіндірген. Осының арқасында ғалымдар Әбу

Ханифаның ижтихадындағы әдістерін және кейбір

хадистерді алмау себептерін ұғып білді. Осылай-

ша, оның фиқһының өзінен бұрынғы ғалымдардың

жолынан өзгеше емес екендігін көптеген ғалымдар

мойындаған болатын.

Қади Иад «әл-Мадарик» атты еңбегінде мына бір

оқиғаны келтіреді. «Әбу Ханифа мен Имам Мәлік бір

күні Мәдина қаласында жолығып, бірнеше мәселелерді

талқылайды. Содан соң ИмамМәлік ол жерден үсті мал-

мандай болып, терлеп шығады. Ләйс ибн Сағыд Имам

Мәлікке: «Қара терге түсетіндей не жағдай болды?»

– деп сұрағанда, Имам Мәлік: «Әй, Мысырлық! Әбу