Previous Page  295 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 295 / 400 Next Page
Page Background

295

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

қарағандықтан немесе үкімінің күші жойылған деген

пікірмен байланыстырады. Имам Мәлік те осы негізге

сүйенген.

Мысалы, Әбу Хұрайра Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

риуаят еткен «Ыдыстарыңызды ит жаласа,

онда оның тазалылығы ыдысты жеті мәрте жуу, әрі ал-

дымен топырақпен ысу арқылы жүзеге асады», – деген

хадиспен Әбу Ханифа амал етпеген және Имам Мәлік

бұл хадисті сынға салған. Ит жалаған ыдысты жеті

мәрте жуу жайында Имам Мәлік былай деген: «Хадис

бар, бірақ, жеті рет жуу себебі белгісіз. Ит ұстаған

аңның етін азық етеміз, олай болса, неге сілекейін

нәжіс санаймыз? Сондай-ақ, хадисті жеткізген Әбу

Хұрайраның ит жалаған ыдысты жеті мәрте емес,

үш мәрте жуғандығы жайлы нақты риуаят бар. Бұл

арада Әбу Хұрайра риуаят еткен хадиске қайшы амал

қылғанын көреміз. Яғни, Әбу Хұрайра өзі риуаят еткен

хадистің үкімі жойылғандықтан, басқаша амал еткен.

Сондықтан, сөзі емес, әрекеті қаперге алынады және

Имам Мәлік ит жалаған ыдысты тазалау жайында

айтқаннан кейін: «Бұл хадиспен амал қылынбайды,

өйткені, ол жалпы ережеге томпақ келіп тұр. Ол Құран

кәрімдегі

«Олардың аулағандарын жеңдер»

527

деген

аят» дейді.

Мадина халқының мұжтахид ғалымы Имам Мәлік

кейбір ахад хадистерді өзінің жалпы қағидасына қайшы

келгендіктен алмаған. Бір мысалында «Кімде-кім

оразасын өтемей қайтыс болса, ол үшін баласы ораза

тұтады» деген Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадисін «ауыртпалық тудырмау» қағидасына сүйене

527

«Мәида» сүресі, 4-аят