Previous Page  294 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 294 / 400 Next Page
Page Background

294

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

ятшысы әділдігімен танымал ғалым болғандықтан,

хадистің дұрыс болу ықтималдығы жоғары деп

білген.

Мутауатир жолымен келген сүннет Пайғамбарға

тән екендігі талас тудырмайтындықтан, ғұламалар

бірауыздан оны дәлел ретінде қабылдаған. Ханафи

мәзһабының ғалымдарының көзқарасы бойынша,

мәшһүр хабар көпшілікке мәлім болғандықтан, оның

нақтылығы мутауатир сүннетке жақын. Ал, ахад жо-

лымен келіп жеткен сүннетке келсек, оны ғалым са-

хабалар мен фиқһ саласының мүжтәхид имамдары

белгілі бір шарттармен ғана қабылдаған. Ал олардың

қойған талаптары әр түрлі болғандықтан, құжат

ретінде қабылдауы да соған сәйкесінше көрініс тапты.

Міне, фиқһ имамдары мен мәзһабтарының арасындағы

айырмашылықтың кілтипаны да осы тұста, әйтпесе,

хадисті құжат ретінде қабылдамағандықтан емес.

Мүжтәхид имамдардың хадиспен амал

етудегі ұстанымдарына қатысты кейбір

мысалдар

Имам Мәлік және басқа да хадисші фиқһ

ғалымдары рай мен қиястан мейлінше ұзақ

тұрғанымен, кейбір жағдайда (Құран, сүннет, ижмадан

сүзіп алынған) жалпы қағидаға қайшы келген кейбір

хадистерді қабылдамаған. Имам әш-Шатиби өзінің

«Муафақатында»: «Айша, ибн Аббас, Омар ибн Хаттаб

секілді мүжтәхидтер Ислам негіздерінен саналған

жалпы қағидаға қайшы келген кейбір хадистерді

қабылдамаған. Өйткені, мұндай хадистің жалпы

қағидаға қайшы келу себебін оның Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

барып тірелетіндігіне күмәнмен