Previous Page  299 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 299 / 400 Next Page
Page Background

299

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Мүжтәхид ғалым қандай да бір себеппен сахих

хадис бойынша амал етпей басқа, одан да әлсіз ха-

диспен әрекет етуі мүмкін. Оның себептері түрліше,

мысалы, хадисте айтылған үкімінің өз күшін жоюы,

риуаятшысының сенімсіз адам болуы, хадис тек бір

мәселеге қатысты айтылып, жалпыға қатысы болмауы

немесе дәлел жағынан одан да күшті хадис табылып,

жалқы мән иеленсе, сонымен амал етуі және, т.б. се-

бептерге байланысты сипат алды. Екінші бір нақты

дәлел табылып жатса, онымен амал етпейтін иманды

адам жолықтыру екіталай. Мысалы, Ләйс ибн Сағыд:

«Имам Мәліктің өзі жазған «Муатта» еңбегіндегі

риуаят етілген хадистердің жетпіске жуығына амал

етпеген» – деп, әлгі хадистерді атап шыққан

532

. Демек,

Имам Мәлік те біз жоғарыда сөз еткен амал бойынша

әрекет ететін.

Бұл мысалдардан түсінетініміз, тек Имам Ағзам

ғана емес, жалпы фиқһ ғалымдары өздерінің Құран

мен мәшһүр хадистерге сүйене отырып, шығарған

қағидалары негізінде Исламның жалпы қағидаларына

қайшы келген кейбір хадистерге күмәнмен қарап, әлсіз

деп санаған.

Әбу Ханифа жайында Имам Мәлік және

басқаларының айтқандары

Имам Мәлік, Әузағи, Абдуллаһ ибн Мубарак және

т.б. ғалымдардан Әбу Ханифа жайында айтылған сөз −

«атылған оқ» боп, бізге, біздің дәуірімзе жетті. Алайда,

әл-Хатиб әл-Бағдадидің «Тарихында» осы ғалымдардың

бірде Әбу Ханифаны жерден алып, жерге салып жатып

532

Ибн Абдулбәрр,

Жамиул-баянил-илм,

1т., 148-б.