Previous Page  296 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 296 / 400 Next Page
Page Background

296

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

отырып алмаған

528

. Сонымен қатар, Айша (р.а) «Туы-

стары жыласа, өлі азапталады» деген хадисті дәлелге

санамады. Өйткені, бұл хадис мына

«Біреу біреудің

күнәсінен сұралмайды»

529

, «Әркім өз істегенінің ғана

нәтижесін көреді» деген Құран аяттарынан шығарылған

жалпы қағидаға қиғаш келеді.

Негіздердің (асылдардың) дәлелдігі нақты, ал

ахад хабарлардың дәлелдігі күмәнді, сондықтан Имам

Шатиби умуми (негізгі, жалпы) асылдарға (Құран

аяты мен нақты хадистен алынған жалпы қағидаға)

қайшы келген ахад хадистерді алып, алмау жа-

йында имамдардың түрлі көзқарастарын бере келе,

былай деген: «Ибн Араби: «Ахад хадис шариғат

қағидаларынан саналған бір асылға қайшы келсе,

онымен амал қылуға рұқсат па? Имам Шафиғи

«рұқсат» десе, ал Имам Мәлік таңдауда күмәнданған.

Имам Мәліктің мына сөзіне де назар аудару керек:

«Егер бұл хадис белгілі бір шариғи ережеге тура келсе,

ол хадиспен амал жасауға рұқсат етіледі. Ал шариғи

ережелердің бірде-біреуіне тура келмесе, аталмыш ха-

диспен амал қылынбайды». Осы тұста имам Мәліктің

ит жалаған ыдысты тазалауға қатысты көзқарасын айта

келіп, былай дейді: «Өйткені, бұл хадис екі негізге

қайшы. Біреуі «Олардың аулағанын жеңдер» деген аят,

ал екіншісі «Тазалықтың негізгі себебі, тірі болуда».

Тірі ағза таза саналады. Ит өз кезегінде тірі.. Арая,

яғни құрғақ құрма мен ағашта тұрған құрмаларды

айырбастауға қатысты хадис риба (өсім пайызы)

қағидасына қайшы келгенімен, ол әдет-ғұрыпқа сай.

Арая хадисінің негізгі мәні мынада: Мысалы, Зәйд

528

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

249-б.

529

«Фатыр» сүресі, 18-аят