Previous Page  293 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 293 / 400 Next Page
Page Background

293

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

тек жеткізушісі сенімді деген хадистерді ғана

қабылдаған.

Кейде табиғиндер бірнеше сахабадан риуаят етілген

хадисті жеткізгендер, сахабаларды аттап кеткендіктерін

ашық айтатын. Хасан Басри: «Егер бір хадисті төрт

сахаба жеткізсе, мен ол хадисті мүрсал түрінде риуаят

етемін» деген, яғни, хадисті Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

былай деген деп, арадағы жеткізушінің

атын атап, түсін түстеп жатпай-ақ, хадисті мүрсал

түрінде айта беретін болған. Бұл хадистің әлсіздігін

білдірмейді, керісінше бір емес бірнеше сахаба риуаят

еткендіктен әрі олардың есімдері елге кеңінен таны-

мал болғандығынан аттарын атап жатуды басы артық

әурешілік деп санағанын байқаймыз. Әбу Ханифа

мүрсал хадисті осылайша қабылдаған. Тағы бір айта

кететін жайт, Әбу Ханифаның кітаптарында мүрсал

хадис пен ахад хадистің деңгейі бірдей.

Қорытындылай келе былай деуге болады, хадис

пен сүннет Пайғамбарымыздан әр түрлі жолмен және

сан қилы тізбекпен келіп жеткен. Хадис жеткізушілер

арасында хадистеріне сенуге болатын рауилердің

кездесуімен қатар, сенуге болмайтын рауилер де

ұшырасады. Міне, осы жағдай үкім шығаруда хадис

пен сүннетті іштей жіктеу қажеттігін тудырды.

Әбу Ханифа риуаятшылары әділдігімен танылған

мүрсал хадистерді дәлел ретінде ұстанған. Ал көпшілік

хадис ғұламалары мүрсал хадисті әлсіз деп, онымен

амал етпеген. Осылайша, Әбу Ханифаға мурсал ха-

диспен амал қылды деп сенімсіздік білдіргендер

болды. Әбу Ханифа өмірінде жалған айтпаған сенімді

риуаятшының мүрсал түрінде жеткізген хадисін

қабылдаған. Өйткені, хадис әлсіз болғанымен, риуа-