292
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
деп риуаят етсе, бұл сахабаның мүрсалы болып сана-
лады. Сол сияқты табиғин сахабаның есімін атамай
хадисті тікелей Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтты деп риуаят етер болса, «Табиғин мурсалы» деп
аталады.
Әділ әрі сенімді риуаятшы, хадис тізбегінен
кейбір риуаятшыларды аттап, аттарын атамай,
мүрсәл түрінде риуаят ете алады. Бұл жайында Әбу
Ханифа: «Сахабалардың, табиғиндердің және тәбәи-
табиғиндердің мүрсал түрінде риуаят еткен хадистерін
қабылдауға болады»
525
, – деген.
Мысалы, Әбу Юсуф Әбу Ханифадан, Әбу Ханифа
Зайд ибн Әбу Әнисадан, ол Мысырлық біреуден: «Бір
күні Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір қолына
жібек жіп, екінші қолына алтынды алып, бұлар
үмбетімнің ер кісілеріне харам, әйелдеріне халал
қылынды»
526
деген хадисті келтірген. Әбу Ханифаның
риуаят еткен басқа да мүрсәл хадистері бар.
Әбу Ханифа мүрсәл хадисті сенімді және ұстанған
жолы белгілі адамдардан алған. Әбу Ханифаның ал-
дында сенімді, күмән тудырмайтын адамдар мыналар:
Ибраһим ән-Нәхәи – ұстазының ұстазы. Әбу
Ханифа Ибраһим Нәхәидің фиқһынан риуаят ететін,
кейде оған қарсы пікір айтып, кейде онымен келісетін.
Қандай жағдай болса да оған сенімді тұлғалардың бірі
еді. Оның риуаят еткен хадистеріне күмәнданбайтын.
Ирак уағызшысы – Хасан Басри. Ол да Ибраһим
ән-Нәхәи секілді сенімді ғалым болған. Әбу Ханифа
барлық мүрсал хадистерді дәлел ретінде ала бермей,
525
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
265-б.
526
Әбу Юсуф,
әл-Әсәр,
23-б.