289
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
Әбу Ханифаның құқық тармақтарын зерттеген
ғалымдар Әбу Ханифаның мәшһүр хадисті Құранды
түсіндіруде жиі қолданғандығын айтқан. Олай болса,
оны да дәлел ретінде қабылдаған. Тіпті, Әбу Ханифа
мәзһабындағы хадис ілімінің кейбір мамандары дәлел
тұрғысынан мәшһүр хадистерді мутауатир хадистің
дәлелдік деңгейіне жеткізген.
Мәшһүр хадисті мойындамаған адамның діннен
шықпайтындығына ғалымдар бірауыздан келіскен.
3. Ахад хадис
Ахад хадис – бір, екі немесе одан да көп адамдар
риуаят еткен, бірақ риуаятшыларының саны мәшһүр
хадистің дәрежесіне жетпеген хадис. Хадистердің
көпшілігі осы ахад жолымен жеткен. Бұл хадисті
жеткізушіге қойылған талаптарды келтірейік: ақыл-
есі дұрыс, балиғат жасына толған, жауапкершілігі зор,
қара қылды қақ жарар әділ әрі дабит (жазу мен сызуда
қателеспейтін) білгір болуы керек
519
.
Ахад хадистің Пайғамбарымыздың тікелей өзінен
басталатын тізбек байланысында сәл де болса, «ақтаңдақ
беттер» бар. Өйкені, ахад хадистің жеткізушісі бір
ғана адам болуы әрі ол жоғарыда аталған талаптардың
үддесінен шықпауы мүмкін. Міне, сондықтан Ислам
ғұламалары ахад хадиске «Тізбек бар, бірақ, күмәнді»
деп қараған. Мүжтәхид ғалымдардан мұндай
хадистерді дәлел ретінде санамағандар да болды
520
.
Ахад хадистер ақида саласында иман, күпірлік секілді
негізгі мәселелерде нақты дәлел ретінде алынбайды, ол
519
М.У. әл-Асғади,
әл-Мужаз фи усулил-фиқһ,
Дарус-салам, Каир,
1998., 215-б.
520
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
241-б.