Previous Page  285 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 285 / 400 Next Page
Page Background

285

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

жеті мәрте жуу керектігі туралы хадисті риуаят

еткен болатын. Сөйте тұра, өзі бұл хадиске амал

етпеген. Сондықтан, бұл хадис фиқһи үкім

ретінде алынбайды;

• Хадистің мәтіні мен риуаятшылар тізбегі күмән

тудырмауы керек. Егер артық бір сөз кездессе,

риуаятшының тізбегінде қандай да бір күмән

тудыратын жайт орын алса, секем тудырмайтын

сенімділікке амал ететін;

• Сахаба немесе табиғиндердің ешқайсысы хадиске

қарсы пікір білдірмеуі де ескерілген;

• Хадис белгілі бір аймаққа қатысты ақпаратпен

шектеліп қалмауы керек әрі сахаба мен

табиғиндердің амал-әрекетіне қайшы келетін

әрекетті насихаттамауы тиіс;

• Хадисті риуаят еткен кісі хадисті естіген сәтінен

бастап, басқаға жеткізгенше оның әр сөзін,

қарпіне, әр тыныс белгісіне дейін ұмытпауы,

қателеспеуі керек;

Әбу Ханифа ахад хабарлардың сахих (дұрыс) деп

қабылдануы әрі сол бойынша амал ету үшін осындай

талап қойған

512

.

Осы айтылғандардан былайша ой түюге бола-

тындай, Әбу Ханифа мен оның шәкірттері кейбір

хадистерді неге алмаған дегенге келсек, оның жоғарыда

аталған көптеген себептері бар. Сондықтан да, хадис

ілімі мен фиқһ әдіснамасын меңгермей жатып,

Пайғамбарымыздың өмірбаянын, сахабалар өмір сүрген

тарихи кезең мен олардың аят пен хадистерді қалай

талдап, қалай түсінгенін білмей жатып, «Мынау сахих

хадиске қайшы келеді, сондықтан, Әбу Ханифаның

512

Сарахси,

Усул

, 1-т., 364-б.