282
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
жағдай мен біздің кезіміздегі жағдай екі басқа»
507
деп,
дәуір тынысына қарай үкімдердің де өзгеретіндігін
баяндайды. Бұл өз кезегінде Имамның хадистерді
талдап, үкім шығаруда қандай әдіс қолданғанын да
көрсетеді. Осыған қатысты мысалдар жетіп артылады.
Солардың бір-екеуіне тоқталайық.
1. Бір хадисте «Егер жаудың қолына түсіп қалу
қатері төнсе, Құранды өзіңмен бірге ала шықпа»
делінген. Әбу Ханифа «Мұнда тұрған еш нәрсе жоқ»
деген. Осыған қатысты хадистер жоғарыда келтірілген
хадистермен мәндес болып келеді. Кейін келген
ғалымдар Әбу Ханифаның бұл көзқарасын «Жау қолына
түсу қаупі төнсе, Құранды өзіңмен бірге алып шығуға
болмайды. Ал, ондай қауіп болмаса, онда Құранды
өзіңмен бірге алып жүруге рұқсат»
508
деп түсіндірген.
2. Сарахси да имам Тахауидің мынадай
көзқарасын жеткізеді. «Пайғамбарымыздың кезінде
мұсылмандардың қолында Құран арнайы кітап күйінде
жинастырылмаған болатын. Кітап болып шыққан
күннің өзінде жаудың қолына түсіп қалған жағдайда
бір бөлігі жоғалып немесе өзгертілу қаупі зор болатын.
Ал бертін келе Құранның хатқа түсірілген нұсқасы мен
қарилардың көптігіне байланысты әлгіндей қорқудың
қажеті жоқ» дейді. Яғни, бұл жерден байқағанымыздай,
Әбу Ханифа Құранның кітап күйінде жинастыры-
лып көбейтілуі әрі оны жатқа білушілердің қатары
молайғанына байланысты «Жаудың қаскүнемдігінен
Құранға қатысты қауіп күтпей, өзіңмен алып жүре
беруіңе болады» деген үкім шығарған
509
.
507
Әбу Ханифа,
әл-Алим ул-мутааллим,
11-б.
508
Кәусәри,
Нуқәт
, 19-21-б
509
И. Хаккы Үнал, 119-б.