280
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
хадисті тура мағынасында ғана түсінгендер, Аллаһ
тағаланың (Шайтан былай деді)
«Оларға Аллаһтың
жаратқандарын өзгертуді бұйырамын»
505
деген аятты
осы мақсатта түсіндіріп, мініс көліктерін піштірмеуге
қатысты» деді.
Былайғы жұрттың арасында талас тудырған осынау
мәселеге тереңірек үңілген жөн. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тұсында айғырлардың піштірілгені
жөнінде дерек бар. Піштірілген жылқы малын
сатудың және мінудің еш айыбы жоқ. Өйткені,
Пайғамбарымыздың өзінің де аты піштірілген еді. Егер
бұл құпталмаған іс болса, онда Аллаһ елшісі адамдар-
ды бұдан сақтандыру мақсатында піштірілген малды
көлік ретінде пайдаланбас еді. Ал Омардың тиым са-
луына келер болсақ, Имам Мұхаммедтің айтуы бой-
ынша, «Жылқының арқырай кісінеуі жаудың құтын
қашырады. Ал пішілген жылқы әдетте кісінемейді.
Сондықтан да жылқыны піштіруге тыйым салған.
Әйтпесе, бұл дінімізде харам етілген әрекет емес»
506
.
Осы жерден көргеніміздей, имам Сарахси жеткізген
хадистегі «Кім бұлай етсе (айғырды піштірсе)
ақыреттен нәсібі жоқ» деген қатаң ескертудің өзі
имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша мәкрухтықты
білдіреді. Өйткені, Пайғамбарымыздың өзі піштірілген
жылқыны мініс көлігіне айналдырған әрі сол кезден
бері бұл мұсылмандардың арасында үйреншікті іске,
яғни әдетке айналып кеткен.
505
«Ниса» сүресі, 119-аят
506
Сәрәхси,
Шәрхус-сияр,
1-т., 82-83-б.