Previous Page  277 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 277 / 400 Next Page
Page Background

277

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Олай болса, бұл жердегі бөлінуді «тақырыптан

ауытқу, келісімге келмеу», яғни, бір тақырыптан басқа

тақырыпқа ауысу, бір келісімнен басқа келісім туралы

сөз бастаса, мәмілеге толық қол жеткізген болады

деп түсіндірген. Бұған мысалды Құран кәрім мен

Сүннеттен келтіруге болады. Құрандағы «Әли-Имран»

сүресінің 103 аятында:

«Түп-түгел Аллаһтың жібінен

(дініне) ұстаныңдар да бөлінбеңдер»

делінген.

Және Аллаһ елшісінің бір хадисінде «Яһудилер

бөлінді (түрлі көзқараста болды)...» делінген. Атал-

мыш аят пен хадистегі «бөліну» сөзі бір жерде тұрып

тарқап кету жөнінде айтылмаған, ол түрлі көзқараста

болып, ортақ мәмілеге келе алмауды білдіреді. Әбу

Ханифаның осынау ижтихадтағы ұқыптылығы мен

жан-жақтылығын, яғни, сегіз қырлы, бір сырлы бол-

мысын танып-білмеген көлденең көк атты оны хадиске

қайшы әрекет етті деп үстірт ойлап қалуы мүмкін

499

.

3. Әбу Ханифа қырда ғана жусап, қырда жайыла-

тын жылқылар үшін зекет берілмейді деген көзқарасты

ұстанады. Алайда, санын көбейту үшін арнайы

бағылатын жағдайда әр басына бір динардан зекет

берілуі қажет. Егер қажет болса, құнын негізге ала

отырып, әр 200 дирхам үшін бес дирхам зекет берілуі

тиіс. Ал, шәкірттері имам Мұхаммед пен Әбу Юсуф:

«Қырдағысы болсын, мейлі қорадағысы болсын, жылқы

малынан ешқандай зекет берілмейді» дейді. Өйткені,

Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Үмбетімнен

жылқы малы мен есік көзіндегі құл-құтан үшін зекет

алу міндетті емес. Бірақ, құл үшін пітір садақасын

беруі қажет»

500

деген хадис келіп жеткен.

499

М. әс-Сыбаи,

Сунна

, 460-б.

500

Шәйбәни,

әл-Асл,

2-т., 64-тен И. Хаккы Үнал, 113-б.