276
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
мәнін түсіну үшін хадистің айтылу мақсатын біліп алу
керек дейді.
2. Суфиян ибн Уяина Әбу Ханифамен жолығып,
мынадай сауал қояды:
– «Бір жерде тұрып, өзара саудаласқан екі адам
басқа бір нәрсе жайында келісімге келіп жатса, алғашқы
мәмілесінен бас тарта алмайды» деп, пәтуа бергенің
рас па? − дейді. Әбу Ханифа:
– Иә, – деді. Суфиян :
– Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Саудаласқандар бір жерден екі жаққа бөлініп
кетпейінше, келісімінен бас тарта алады» деген хадисі
бола тұра, сен қалайша бұлай пәтуа бересің? Әбу
Ханифа:
– Саудаласқан тарап бір кемеде, түрмеде немесе
бірге сапарға шыққан болса, онда сөз жоқ, олар бір-
бірінен қалайша бөлінеді? – деп, сауалына сауалмен
жауап береді.
Көріп отырғанымыздай, Әбу Ханифа хадисті
терістемейді. Аталмыш хадисті саудаласушы екі
тараптың келісімге келген соң, екі жаққа бөлек кетуі деп
түсіндіреді. Осылайша, кемедегі, түрмедегі, сапардағы
келісімдер міндетті түрде толық болуы үшін сөзбен рас-
талуы тиіс деп мәселені күрделендірмей, оңай жолмен
шешкен. Өйткені, тараптар ұзақ уақыт бойы бір-бірінен
ажырамауы мүмкін ғой. Мұндай жағдайда «Бір-
бірінен бөлек кетпейінше, яғни бірнеше күн қатарынан
бірге болса, сауда-саттық келісімі өз күшін жоймайды.
Яғни, екі жақ қалаған уақытта келісімін бұза алады»
деген қорытынды шығады. Бұл өз кезегінде мәселені
шиеленістіріп жібереді.