Previous Page  281 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 281 / 400 Next Page
Page Background

281

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

7. Уақыт талабы және заман өзгерісін

ескеру

Ислам құқығының негізгі ұстанымдарының бірі

саналған «Уақыт талабына, яғни, заманның өзгеруіне

байланысты үкім де өзгереді» дейтін ережесі Исламның

алғашқы кезеңдерінде-ақ қолданысқа енген болатын.

Әбу Ханифа мен шәкірттерінің Ислам аймағының

кеңеюі нәтижесінде қоғамдық құрылымы бөлек, басқа

мәдениет өкілдеріне қарағанда орталыққа жақын

аймақта өмір сүргендіктен, мұндай өзгерістерге көбірек

куә болғаны белгілі. Берген үкімдері мен хадистерді

талдауда осы мәселеге айрықша назар аударғаны

байқалады.

Әбу Ханифа Хижаз аймағына қарағанда Сирия-

да кең тараған жалға алу келісімін қияспен шешуін

көптеген табиғиндар құп көрмей қияс жасауда шектен

шықты деп, наразылық білдірген көрінеді. Сонда Әбу

Ханифа Бағдат пен Мәдина қаласының жағдайы екі

бөлек екенін, қоғамдық қатынастың өзгеруіне қарай

үкімдердің де өзгеретінін мойындамаудың Аллаһ

тағаланың әмірлері мен Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

сүннетіне қарсы шығу екенін айтып жауап

берген.

«әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында Әбу

Ханифа «Бүйректен сирақ шығарып, бидғатқа баста-

ма, өйткені, сахабалар олай істемеген. Олар немен

шектелді, сол сен үшін де жеткілікті» деушілердің бар

екенін айтып шағымданып келген шәкіртіне: «Олар

саған әлгі сөзін қайталаса, мен олардың жағдайында

болсам, оларға жеткілікті саналған нәрсе маған да

жеткілікті болар еді» деп жауап бер. Олардың кезіндегі