279
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
түпкі мақсатқа сай келетінін таңдау жайында болып
отыр
502
.
6. Әдет-ғұрыпқа сай болуы
Ханафи мәзһабының өзге мәзһабтардан ең негізгі
айырмашылықтарының бірі – шариғат дәлелдерінің
қатарына ғұрыпты да қосуы. Әдет-ғұрыптың дәлел
орнына жүретіні немесе жүрмейтіні жөнінде алдыңғы
бөлімде кеңінен тоқталғандықтан, бұл жерде тек
осыған қатысты мысалдармен шектелеміз.
1. Имам Мұхаммед: «Мұсылмандар дұрыс деп
тапқан нәрсе Аллаһ тағала алдында да абзал, ал бұрыс
деп тапқандары Аллаһ алдында да қадірі жоқ»
503
деген
хадисті тәрәуих намазының жамағатпен 20 рәкәғат
ретінде оқылуына қатысты дәлелдердің арасында
келтіре отырып: «Біз осылардың бәрін құптаймыз. Ра-
мазан айында адамдардың жамағатпен намаз оқуында
тұрған сөкеттік жоқ. Өйткені, мұсылмандар бұл
мәселеде бірауыздан келісіп, осындай тоқтамға келген
әрі бұған оң қабақ танытқан»
504
дейді.
2. Имам Сарахси хазірет Омардың Сағыд ибн
Әбу Уаққасқа хат жолдап, айғырларды піштірмеу
және екі шақырымнан астам қашықтыққа шауып,
зорықтырмау жөніндегі тыйымына байланысты
келіп жеткен риуаятқа қатысты түсіндірме беріп
былай дейді: «Пайғамбарымыздың хазірет Алидің
осы мәселеге қатысты қойған сауалына «Кім осы
тыйымға құлақ аспаса, ақыреттен нәсібі жоқ» деген
502
И. Хаккы Үнал, 113-б.
503
Бұл хадис Ахмед ибн Ханбәлдың «Муснәд» атты еңбегінде
Абдуллаһ ибн Мәсғудтан мауқуф ретінде келіп жеткен.
504
Шәйбани,
Муатта
, 91