278
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ал Әбу Ханифаның «Аллаһ елшісі:
«Қырда өріп,
қырда жусайтын әрбір жылқы малына бір динар
немесе он дирхам зекет берілуі керек»
501
деген хадиске
сүйенгендігі айтылған. Сонымен қатар, хазірет Омар
(р.а.) Әбу Үбәйда ибн Жәррахқа хат жолдап, түзде жай-
ылатын әр жылқы (айғыр, бие, байтал) үшін бір динар
немесе он дирхам зекет алуды бұйырған. Осы мәселе
халифа Мәруан кезеңінде қайта қозғалады. Халифа са-
хабаларды жинап, ақыл-кеңестерін сұраған кезде Әбу
Хұрайра: «Жылқы малы мен құл үшін зекет берілмейді»
деген хадисті риуаят етеді. Сол кезде Мәруан Зәйд ибн
Сәбитке: «Әй, Әбу Саид, бұған не дейсің?», – дейді.
Хадисті ести тұра халифаның бұлай сұрғанына таң
қалған Әбу Хұрайра (р.а.): «Мен хадис бар екенін
айтып тұрсам, «Бұған не дейсің, әй, Әбу Саид?» дегені
несі?», – дейді ашуланып. Зәйд: «Пайғамбарымыздың
айтқаны – күмәнсіз хақ. Бірақ, ол бұл сөзін жорыққа
арналған жылқы малына қатысты айтқан. Ал санын
көбейту үшін бағылатын жылқылардан садақа беру
қажет» – деген кезде, Халифа: «Қанша мөлшерде?», –
дейді. Зәйд (р.а.): «Әр жылқы үшін бір динар немесе
он дирхам», – деп жауап берген болатын.
Осы жерден байқағанымыздай, жорыққа арналған
жылқы малынан зекет алынбайды, ал санын көбейту
үшін бағылатын әр басы үшін зекет берілуі қажет. Зәйд
ибн Сәбит осылайша Әбу Хұрайраның көзқарасына
түзету енгізеді. Әбу Ханифа негізгі мақсатқа сәйкес
келгендіктен, осы хадисті таңдаған. Сондықтан,
бұл жерде сөз хадисті қабылдамау турасында емес,
501
Сарахси,
Мәбсут
, 2-т., 188-б.