Previous Page  273 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 273 / 400 Next Page
Page Background

273

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

зина жасаған кісі күнәсін қазының (сот) алдында емес,

басқа адамдардың жанында мойындаған жағдайда да

оған жаза берілмейді

491

. Осы жерден байқағанымыздай,

Әбу Ханифа өз үкімдерін Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

сүннетіне сай беруге тырысып, әр-түрлі

риуаяттар келген жағдайда осы ұстанымдарды негізге

ала отырып, таңдау жасағанын көреміз. Бұған қатысты

басқа мысалдар көптеп келтірілген

492

.

4. Жеңіл жағын таңдау

Адамдар үшін жеңіл жағын және оларға пайда-

сы тиетін істерді таңдау ұстыны ханафи мәзһабының

негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұны

да өз ойларынан емес, діни негіздерге сүйене отырып

шешеді. Өйткені, Құран кәрімде

«Аллаһ тағала сен-

дерге қиындық емес, жеңілдікті қалайды»

493

делінсе,

Пайғамбарымыз хадистерінің бірінде

«Дініңіздің

жақсысы −жеңіл келгені»

494

деген. Бұл, жалпы, ханафи

мәзһабында «Истихсан» ретінде үкім шығаруда негізгі

дәлелдердің бірі саналған.

Әбу Саид әл-Худри мен Әбу Хұрайрадан келіп

жеткен хадистерде әр балиғат жасына толған кісінің

жұма күні ғұсыл алуы уәжіп делінген. Тіпті, Әбу

Хұрайраның риуаят еткен хадисінде жүнүп болған

жағдайдағы секілді ғұсыл алу уәжіп делінген

495

. Бұл

хадистерді берген имам Мұхаммед: «Жұма күні ғұсыл

алу абзал, бірақ, уәжіп емес. Өйткені, бұған қатысты

491

Әбу Юсуф,

Ихтиләф

, 70-71-б.

492

И. Хаккы Үнал, 95-103-б.

493

«Бақара» сүресі, 185-аят

494

Осы мәндес хадистер үшін қараңыз: Ахмед ибн Ханбәл,

Мүснәд

, IV, 338, ІІІ, 479

495

Шәйбәни,

Муатта

, 46-47