Previous Page  274 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 274 / 400 Next Page
Page Background

274

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

көптеген хадистер бар» деп олардың бірқатарын

келтіреді.

Хаммад Ибраһим ән-Нәхәиден жұма күні хажамат

жасатуға қатысты, айт күндеріндегі ғұсыл алу немесе

алмау жайлы сұрағанда ол: «Ғұсыл алсаң жақсы,

бірақ, алмасаң да оқасы жоқ» дейді. Сонда Хаммад:

«Пайғамбарымыз жұма намазына баратын адам ғұсыл

алсын» деген жоқ па?» деп, қайта сұрағанда: «Иә, бірақ

ол уәжіптердің қатарынан емес» деп, Құраннан мына

«Сауда-саттық жасаған кезде куә әкеліңдер»

496

деген

аятты келтіріп, «Куә әкелген адам жақсы амал жасаған

болады, алайда әкелмесе де күнә жазылмайды. Тағы да

Аллаһ тағала Құранда

«Жұма намазын оқып болған

соң жер бетіне тараңдар»

497

деген. (Саудасын жасау

үшін) тараған адамдарға ешқандай күнә жазылмағаны

секілді мешітте отырған адамның атына да қандай да

бір сын айтылмайды» деп жауап берген.

Әбу Ханифа таң намазын қараңғылық сейіліп, күн

құланиектене бастаған кезде оқу қажет деп есептейді,

бұған қатысты көптеген дәлелдің бар екенін айтады.

Өйткені, адамдардың көбі бұл уақытта терең ұйқыда

жатады. Сондықтан, ұйықтаған әрі ояу болған адамның

да намазға үлгеруі үшін таңның сібірлеп атқанын

күту керек дейді. Мәдиналықтар Имам Мәлік пен

Шафиғи қараңғылық сейілмей тұрған кезде оқу керек

дейді. Имам Шафиғи өз көзқарасын қорғай отырып,

ханафилардың адамдарға жеңіл жолды таңдағандығын

айтады

498

.

496

«Бақара» сүресі, 282-аят

497

«Жұма» сүресі, 10-аят

498

Шафиғи,

Ихтиләфул-хадис,

172-ден И. Хаккы Үнал, 106-

107-б.