272
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ағзам Әбу Ханифа еді. Бұны мұсылман әрі мұсылман
емес көптеген зерттеушілер мойындаған
489
.
Әр түрлі мәселелерге қатысты оның шығарған
үкімдеріне назар салған кезде күмәнді жағдайларда
жаза беруден мүмкіндігінше сақтанғанын, пенделерді
қорғайтын үкімдер шығарғанын және мұсылман емес
адамдардың құқығын мейлінше қорғауға тырысқанын
көреміз.
Мысалы, күмәнді жағдайларда жаза беруден
мейлінше сақтану жайлы Имам Мұхаммед былай
деген: «Әбу Ханифаның Хаммадтан, оның Ибраһимнен
жеткізгеніне қарағанда хазірет Омар: «Мүмкіндігінше
мұсылмандарға жаза бермеуге тырысыңдар. Өйткені,
имамның кешіруде қателесуі жаза бергендегі жіберген
ағаттығынан абзал. Егер жолын тапсаңдар, мұсылманды
жазаламауға тырысыңдар» деген дей келе, «Бұл − Әбу
Ханифаның және біздің көзқарасымыз»
490
дейді.
Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, егер адам
зина жасағандығын төрт рет мойындап, артынан өз
сөзінен айныса, оған тас борату жазасы берілмейді.
Әбу Ханифаның ойынша, егер зина жасағандығын
бір жерде төрт мәрте мойындаса, онысы бір рет мой-
ындау деп қабылданады, жаза берілмейді. Өйткені,
Пайғамбарымыз зина жасағандығын мойындап келген
Маиз ибн Мәлікті әр келген сайын кері қайтарып
отырған. Тек төртінші мәрте қайтып айналып келген
кезінде ғана жаза берген. Сонымен қатар, оның ойынша
489
А.В. Кремер, Kulturgeschihte des Orient unter den halifen, I,
504-532, Adam, C.C.
“Abu Hanifa. Champion of liberalism and
Tolerans in Islam”
, MW, 36-сан, 217-227-б.; М. Юсуф Мұса,
Әбу
Ханифа уәл-Қиямул-инсания фи мәзәхибихи
; Әбу Зәхра,
Әбу
Ханифа
, 397-416-б.
490
Шәйбани, әл-Әсәр кітабынан И. Хаккы Үнал, 97-б.