Previous Page  267 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 267 / 400 Next Page
Page Background

267

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Әбу Ханифа және шәкірттерінің

хадистерді таңдау мен түсіндіру

барысында мән берген элементтер

Әр мәзһаб имамының хадистерді таңдап, онымен

амал етуге қатысты көзқарастары мен белгілі

әдіснамасы бар. Сол секілді ханафи мәзһабының

хадистерді таңдау мәселесінде қандай мәселелерге

көңіл аударғаны туралы да қысқаша тоқтала кеткен

жөн

477

.

1. Құранға сай келуі

Хадистердің Құранға сай келу мәселесі сахаба-

лар кезеңінің өзінде белгілі бір мән-мазмұн иеленген

477

Әрине, Әбу Ханифаның артынан өзінің қаламынан

туындаған фиқһ әдіснамасы кітабы қалмаған. Өйткені, ол

кезде ғалымдардың көпшілігі шәкірттеріне ілімді айтып-

жаздыру арқылы үйрететін. Әбу Ханифаның ижтихадына

зер салғанда, оның аят-хадистерді терең саралаумен қатар

рационалдық дәлелдерді қолдана отырып, осы дәлелдер

арқылы қалай үкім шығарғандығына көз жеткіземіз. Жоғарыда

да айтып кеткеніміздей, оның ижтихад әдісі хазірет Омардың

жасағанындай ақылдастар алқасына сүйенетін. Оның осы

алқасына түрлі ілім салаларының мамандары қатысып,

мәселелер жан-жақты талқыланып, пікір түйінделетін. Бірақ,

имам Мұхаммедтің кітаптарында әр пәтуаның дәлелі жазылып

көрсетілмеген. Сондықтан, ӘбуХанифа қайтыс болғаннан кейін

сол әдіснама бойынша ижтихад жасайтын ғалымдардың өсіп-

жетілуі үшін оның шәкірттері ханафи мәзһабының әдіснамасын

жасауға кірісті. Әбу Ханифаның алғашқы буын шәкірттері Әбу

Юсуф пен Имам Мұхаммедтің және екінші буын шәкірттерінің

ішінен Иса ибн Әбанның (қ. 221 һ.) мәліметтері ең бірінші

қайнар көз саналған. Сондықтан, бұл жердегі әдіснамалар

шәкірттерінен келіп жеткен мәліметтерден алынған.