Previous Page  265 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 265 / 400 Next Page
Page Background

265

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

жемісі сатушыға тән. Өйткені, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

«Кімде-кім будандастырылған құрма бағын

сатып алса, алушы оны (бақтан ) тыс қарастырмаса,

жемісі сатушыға тиесілі» деген.

4. Имам Мұхаммед Әбу Ханифадан «Егер бір кісі

намаз оқып тұрған кезде жай жымиса, сіздің ойыңызша

бұл дәретті бұзады ма?» дегенде, Әбу Ханифа «Жоқ»

дейді. Имам Мұхаммед «Ал егер дауыс шығарып күлсе

ше?» дегенде, Ол: «Иә, бұл дәретті бұзады. Ол кісі

дәретін қайта жаңартып, намазын қайта оқуы керек»

дегенде Имам Мұхаммед себебін сұрайды. «Бізге

Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

келіп жеткен

хадиске байланысты» деп жауап берген екен.

Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіре беруге

болады. Тіпті, Әбу Ханифаның кейде өзіне келіп

жеткен, шариғаттың негізгі қайнар көзі ретінде

саналған хадистерден дәлел келтіре отырып, өз

ұстаздарының көзқарастарына қарсы шыққанын

да көреміз. Сол секілді өзінен кейін келген кейбір

хадисшілердің әлсіз деп санаған хадистерінің өзін Әбу

Ханифа қиястан жоғары қойып, кейбір қиястарынан

бас тартқандығы да белгілі

474

. Ибн Хазм «Әбу Ханифа

сахих хадистерді мойындамау былай тұрсын, мүрсәл

мен әлсіз хадистердің өзін қиястан жоғары қойған» деп

осы ойды қуаттауда

475

.

Әбу Захра осы ойларды қуаттай отырып:

«Замандастарының бірі «Хадисті дәл сол кісідей терең

түсінетін адамды көрген емеспін» деген. Өйткені, ол

сөздердің мағынасынан, сөз тіркестерінің мазмұнынан

және сол оқиғаға орай үкімнің себебін анықтауда алдына

474

И. Хаккы Үнал, 69-71-б.

475

Ибн Хазм,

әл-Ихкәм

, 929-б.