261
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
Әрине, Әбу Ханифаға барлық хадистер тегіс келіп
жетпегені де жасырын емес
464
. Бірақ, ол хадистердің
арасындағы насих пен мансухты жақсы білгендіктен,
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өмірбаяны мен
хадистерді алдыңғы немесе соңғы айтылғандарына
464
Осы мәселеге қатысты М. әс-Сыбаи былайша ой түйеді: «Әбу
Ханифаға кейбір хадистердің жетпей қалуы немесе оның
білмей қалуын жоққа шығармаймыз. Өйткені, сахабалар дінді
жаю үшін тарыдай шашырап жан-жаққа тарауы себепті кей
өңірге жетпей жатады. Сондықтан, сахабалар, табиғиндер не-
месе одан кейінгі келген ғалымдардың ешқайсысы хадистердің
барлығын білетіндігін жар салып айтқан емес. Бұған мысал:
Бір күні Шағби жанында діни сұхбат беріп жатқан бір жас
жігітке: «Біз бұл айтқаныңды естімедік» деп тоқтатады. Сонда
жас жігіт: «Білімнің барлығын естідің бе?» деп, Шағбиге сұрақ
қояды. Шағби: «Жоқ» деді. Жігіт: «Жартысын естідің бе?»
Шағби: «Жоқ», деді. Жас жігіт: «Олай болса, бұл айтқанымды
естімеген жартысынан деп біл» деп бізге жетпегенін,
білетінімізден білмейтініміздің көп екендігін түсіндіреді.
Аллаһ елшісімен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге болған сахаба-
лар да хадистердің барлығын біле бермейтін. Мысалы: Хазірет
Омар (р.а) мәжусилерден (отқа табынатындардан) салық алмау
жайында және оба ауруы жайындағы хадистерді естімеген, бұл
хадистерді оған Абдурахман ибн Ауф жеткізген еді. Сол секілді
Аммар және басқалары білетін тәйәммүмға қатысты хадисті
хазіреті Омар мен (р.а) Абдуллаһ ибн Мәсғуд естімеген бола-
тын. Хазірет Әли мен Хузайфаның білетін мәсіге мәсіх тарту
жайындағы хадисін, Айша (р.а.), Омар (р.а) және Әбу Хұрайра
(р.а.) естімеген болатын. Сахабалардың арасында мұндай мы-
салдар өте көп. Бұл білместіктерін айтып, ешкім оларды сөге
жамандамаған. Хадистерді білмедің деп олардың ешқайсысына
кінә тағып, кемсітпеген. Хадистерді білмей тұрып бұл хади-
стерге қайшы үкім берген жағдайлары да болды. Олай болса,
сахабалардың арасында болған жағдайды дұрыс қабылдап,
Әбу Ханифаға келгенде айыптау орынсыз болары сөзсіз». М.
әс-Сыбаи,
әс-Сунна уә маканатуһа фит-ташриил-исламияти,
488-489-б.; Қосымша: Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл, Алматы,
2010, 23-б.