Previous Page  257 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 257 / 400 Next Page
Page Background

257

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

жауап берді. Айтыңдаршы, хадис білмеген адам осылай

жауап бере алады ма?»

457

– дейді.

Осыншама біліміне қарамастан Әбу Ханифаның

хадис білімі таяз деудің негізгі себептерінің бірі −

мәзһаб таасубынан (яғни, фанатиктігі, бірбеткейлігі)

және қандай да бір мәселеге қатысты басқа күшті

дәлел табыла қалса, өзге мәзһабтағылардың хадистерін

дәлелдік жағынан әлсіз деп табуы да сырт көзге

қарағанда хадиске қайшы әрекет секілді көрінгендіктен.

Әйтпесе, оның жасаған ижтихадтарына үңілгенде,

олардың үкімдік сипаты бар жүздеген хадистерге сай

екендігін көреміз.

Әбу

Ханифа

осы

мәселеге

қатысты

«Пайғамбарымыздан Құранға қайшы келетін қандай да

бір хадис риуаят еткен адамның сөздерін қабылдамау

Пайғамбарымызды қабылдамау немесе оны жасынға

шығару деген сөз емес. Бұл – Пайғамбарымыздан қате

риуаят еткен адамды мойындамау болып табылады.

Күмәнге ұшыраған Пайғамбар емес, жалған хабарды

бізге жеткізген адам»

458

деп, хадистерді қабылдаудың

кейбір өлшемдерін айтып кеткен-ді.

Қорытындылай келе, былай деп тұжыруға болады.

Әбу Ханифаның мүжтәхид ғалым екендігін оған

қарсы көзқараста жүргендер мен оны жақтағандардың

барлығы тегіс мойындаған. Мүжтәхид болу үшін

оның үкім шығаратындай көлемдегі хадистерді жетік

меңгеруі шарт. Ал үкім шығарылуы керек хадистердің

саны өте көп. Олай болса, кейбіреулердің айтқанындай,

«Әбу Ханифа 15 немесе 150 хадис қана білсе» қалайша

457

И. Хаккы Үнал, 66-б.

458

Имамы азам Ебу Ханифе ве есерлери

(аударып, түсініктеме

берген А. Өзтүрік), Шәмил баспасы, Стамбул, 2010, 73-б.