Previous Page  252 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 252 / 400 Next Page
Page Background

252

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

де фиқһ маманы келіп түсіндірмейінше, хадистің

мағыналарын толық ұға алмайды»

444

.

Ибн Абдулбәрр осы айтылғанға қатысты Әбу

Юсуфтың былай дегенін жеткізген: «Ағмаш екеуміз

оңаша қалған бір сәтте ол маған сауал қойды, мен

білгенімше жауап бердім. Ол: «Ей, Әбу Юсуф, бұл

жауабыңның қайнар көзі қайда?» деп сұрады. Мен

«Сенің маған айтқан хадисіңде» деп оған хадисті айтып

бердім. Содан кейін ол: «Ей, ӘбуЮсуф, мен бұл хадисті

сенің әке-шешең қосылмай тұрып, (яғни, сен дүниеге

келмеген кезден) білетінмін. Бірақ, оның мағынасын

енді ғана сенен түсіндім» деп, өзі жеткізген хадистің

мағынасын фиқһ маманы Әбу Юсуфтан үйренгенін

айтады. Басқа бір риуаятта Әбу Юсуф былай дейді:

«Ағмашпен бірге отырған едім. Әлден уақытта біреу

келіп, Ағмаштан әлдебір мәселенің жай-жапсарын

сұрады. Ол оның сауалын жауапсыз қалдырмады. Ай-

наласын шолып Әбу Ханифаны көзі шалады: «Әй,

Нұғман! Мына бір сауалға жауап берші» деп, жауабын

Әбу Ханифадан сұрады. Әбу Ханифа: «Мұның жауабы

былай...» деп түйген ойын айтады. Сонда Ағмаш: «Бұл

жауапты қайдан алдың?» деп таңдана сұрайды. Әбу

Ханифа: «Сенің бізге жеткізген хадисіңнен» деп жауап

қатады. Бұдан кейін Ағмаш: «Біз дәріханашымыз, ал

сендер дәрігерсіңдер»

445

деп, Әбу Ханифаның хадисті

терең түсініп, орынды қолданғанын мойындаған екен.

Олай болса, хадисші болу бір басқа да, оны түсініп,

үкім шығара білу бір басқа, бұл фиқһ мамандарын

қажет етеді.

444

әл-Мекки,

Манақиб

, 2-т.,91-б.

445

Ибн Абдулбәрр,

Жамиу баянил-илм,

2-т., 131-б.