Previous Page  247 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 400 Next Page
Page Background

247

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Осымәселеге қатыстыбелгілі тарихшыИбнХалдун:

«Кейбір шектен шыққандар мен көреалмаушылар

мүжтәхид имамдардың кейбірінің хадис ілімі

жеткіліксіз, сондықтан хадис риуаяты аз екенін айтуда.

Үлкен имамдар жайлы бұлай ойлау орынсыз. Өйткені,

шариғат заңдарының Құран мен хадистен алынатыны

әмбеге аян. Дінді сахих (сенімді, дұрыс) негіздерден

және оның үкімін жеткізушіден ала білу хадисте

жүйрік болуды талап етеді. Ал пәтуа беру, қазылық

ету хадис ілімі таяз адамдардың қолынан келетін іс

емес. Ал хадис риуаяты аздарға келсек, олар өздеріне

жеткен хадистердегі (хадис жеткізушілердегі) кейбір

кемшіліктерге байланысты хадис риуаятын азайтқан...

Міне, Әбу Ханифа да риуаят пен хадис жеткізуге қатаң

талап қойып, асқан жауапкершілікпен қарағандықтан,

хадистерді аз риуаят еткен...Ол біле тұра хадис риуаят

етуден қашпаған. Мәзһабының хадис имамдары ара-

сында сенімді деп табылуы, риуяттарды қабылдау не

алмауға қатысты қойған талаптарының орындылығы,

оның хадис ілімінде алып мүжтәхидтерден екендігін

көрсетеді»

430

дейді.

Сиқа

431

хадисшілердің бірі Исраил ибн Юнус

«Нұғман − қандай ұлы тұлға. Фиқһ кездесетін хадисті

одан жақсы білген, одан терең зерттеген, ондағы

430

Ибн Халдун,

Муқаддима

, 4-басылым, 1978, 444-445-б.

431

Бір адамға сену, хадис әдіснамасындағы мағынасы: бойын-

да әділдік пен дабт (естіген хадистерін көп жылдар өтсе де

басқаларға өзгеріссіз, айна қатесіз жеткізе алатындай есте

сақтау қабілетінің күштілігі) сипаты бар хадис жеткізушісі.

Кеңірек мәлімет үшін қараңыз: М. Угур, Ансиклопедик

хадис теримлери сөзлүгү, ТДУ баспасы, Анкара, 1992, 359-б;

Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы), Нұр-

Мүбарак баспасы, Алматы, 2010, 151-б.