Previous Page  244 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 244 / 400 Next Page
Page Background

244

Әбу Ханифаның хадис іліміндегі

орны

Фиқһ ілімінің негізін қалап, әлемге кең тараған

мәзһабтың Имамы, мұсылман ғалымдары сөзсіз

мүжтәхид деп бірауыздан қабылдаған Имам Ағзам

жайлы бастапқы кездері түрлі себептермен қарсы

шыққандар кездескені секілді қазіргі таңда да сол

негізсіз қаңқу сөздердің шығу төркінін оқып-білмей

жатып, асығыстықпен «Имам Ағзамның хадис ілімі

таяз болған, сахих хадистер тұрғанда оларды ескермей

қиясты негізге алған, әлсіз хадистермен амал еткен...»

деген секілді жарға жығатын жаңсақ пікірлерді тарату

арқылы ірі тұлға Әбу Ханифаның беделін жұртшылық

алдында кішірейтіп, оның орнына басқаларды зо-

райтып көрсетуге тырысушылар да қоғамымызда

ұшырасып жатқаны өкінішті-ақ. Бірақ, «Жарқырап

тұрған күнді балшықпен сылай алмайсың» дегендей,

оны жұрт алдында кішірейтуге тырысқанмен, ол бұған

кішірейіп қалмайды. Енді осы «Жақтым күйе, жаптым

жала» пікірлерге мұсылман ғалымдарының еңбектеріне

сүйене отырып, дұрыс жауап іздеуге тырысайық.

Жоғарыда да айтып өткеніміздей, Әбу Ханифаның

өмір сүрген уақытында Куфа Ислам әлемінің ең ірі

ілім орталықтарының бірі еді. Аталмыш шаһарға

сахабалардың көп бөлігі қоныс аударып, олардың

ілімдерін бойларына сіңірген мыңдаған табиғин

ғалымдары өсіп жетілді. Тарихи мәліметтерде

сол кезеңдегі Куфаның хадис ілімі тұрғысынан

маңыздылығын көрсететін көптеген мәліметтер