Previous Page  245 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 400 Next Page
Page Background

245

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

кездеседі. Әнәс ибн Сирин «Куфаға келдім. Ол жерде

хадис үйренуші төрт мың, ал фақиһ төрт жүз адамды

көрдім»

421

, – дейді. Ал, Аффан ибн Муслим: «Куфаға

келдік. Онда төрт ай тұрақтадық. Қаласақ, осы мезгілде

жүз мыңдай хадисті жазып алуға болар еді. Тек хатқа

түскендерін ғана қабылдағандықтан елу мың хадисті

ғана қағазға түсіріп үлгердік»

422

, − дейді.

Имам Зухри

423

Ирактықтардың ілімін төмен са-

найтын. Оған Куфада төрт мың хадис риуаят еткен

бір адамның (Ағмаш) бар екендігі айтылып, ол

хадистердің біразы жеткізілді. Ол әлгі хадистердің

бірін қалдырмай егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін

«Уаллахи, бұл – нағыз ілім. Иракта мұны білетін адам

бар деп ойламаппын»

424

деп айран-асыр қалған екен.

Әбу Ханифаның хадис риуаятының осыншалықты

кең тараған берекелі аймақта ғұмыр кешіп, одан нәсібін

алмауы мүмкін емес. Қайта, керісінше, риуаяттың көп

тарауына байланысты әр естіген хадисін ала бермеген.

Фақиһтардың хадисшілерден ең үлкен айырмашылығы

да, міне, осында. Хадисшілердің бір бөлігі әр

естіген хадисін жинап, онымен амал етуге болып-

болмайтынына қарамай, тіпті кейбіреулерінің хадис-

421

Рамахурмузи, Мухадисул-фасыл, 560-б.

422

Рамахурмузи, Мухадисул-фасыл, 559-б.

423

Хадистерді жинау ісі табысталған кісілердің бірі өз ғасырының

танымал ғұламасы және ғылыми ортада үлкен беделге ие Ибн

Шихаб әз-Зухри (қ. 124 һ.) еді. Ол ғылымға ерекше берілген

жас кезінен-ақ хадистер мен сахабалардан жеткен хабарларды

хатқа түсіре бастаған. ИбнШихаб әз-ЗухриОмар ибнАбдулазиз

(қ. 99 немесе 101 һ.) кезеңінде хадистерді жинағандардың

алғашқыларының бірі.

424

Ибн Абдулбәрр,

әл-Жәмиғ,

2-т., 150-163-б.