Previous Page  246 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 400 Next Page
Page Background

246

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

терде не айтылғанын да түсінбей, басқаларға жеткізуге

тырысқаны көптеген кітаптарда келтірілген

425

.

Кейбір деректерде Әбу Ханифаның үйінде жазба-

ша түрде сақталған сандық толы хадистердің болғаны,

олардың аз бөлігін ғана риуаят еткендігі айтылады

426

.

Әрине, осы хадистерді риуаят еткен ұстаздары да

болуы тиіс қой. Мысалы, Мұғжамул-муссанифиннің

авторы Муаффақ Меккидің кітабына сүйене отырып,

Әбу Ханифаның 292 ұстазының аты-жөндері мен

қай хадис кітаптарында аттары аталатындықтарын

айтқан

427

. Имам Суюти Әбу Ханифаның 74 шейхының

аты-жөнін берген

428

. Бағдади мен Зәхәбидің келтірген

тізімі бойынша шейхтерінің саны 50-ге жетер-жетпес.

МуаффақМекки Әбу Ханифа жақтастарының Имамның

шейхтерінің санын төрт мыңға дейін шығарғандығын

айтады

429

. Әрине, бұл санның әсірелі болуы да мүмкін.

Десе де, оның хадис риуаят еткен ұстаздарының аз

болмағанын әрі хадиске ынтасының қаншалықты

болғанын көрсетеді.

Үлкен мүжтәхид, әлемде кең тараған мәзһабтың

имамыӘбуХанифаныңхадистенжыраққалмайтындығы

айдан анық. Өйткені, құқықтық үкімдердің негізі

көбіне хадиске сүйенеді. Соған қарамастан кейбіреулер

білместікпен Ұлық имамға жала жауып: «Хадисті аз

білген, өз көзқарасымен амал еткен» деген секілді

пікірлер айтып жүр.

425

Бұған қатысты мысалдарды білгіңіз келсе, мына кітаптарға

қараңыз: Ибн Құтайба,

Тәуил

, 8-12-б.; Ибн Қайим әл-Жәузий,

Тәлбис

, 111-113-б.; Ф. Рази,

Манақиб

, 242-248-б.

426

Мекки,

Манақиб

, 85-б.

427

Мұғжәмул-мусаннифин

, 2-т., 29-53-б.

428

Суюти,

Тәбизус-сахифа

, 26-беттен И. Хаккы Үнал, 55-б.

429

Мекки, 37-б.