248
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
фиқһтық үкімді одан жақсы аңғарған ешкім жоқ»
432
деп, оның өзге хадисшілер секілді тек хадис риуаят
етіп қана қоймай, үкім шығаруға болатын сенімді
хадистерді дәлел ретінде қабылдағандығын айқын
көрсетеді.
Бұхаридің шейхтарынан Яхия ибн Әдәм
«Нұғман аймағындағы барлық хадистерді жинады.
Пайғамбардың аузынан не айтылса, соның бәрін
егжей-тегжейлі зерттеді»
433
десе, Сахих Бұхари рауи-
ларынан Хасан ибн Салих та «Әбу Ханифа насих пен
мансухты ерекше мән беріп зерттеген, Куфалықтардың
хадистерін ең жақсы білетін, жамағаттың ұстанған
жолына беріктігімен көзге түсіп, өз аймағына жеткен
хадистер мен әсәрды
434
жадына тоқитын»
435
, – дейді.
Хасан ибнСалих «ӘбуХанифа хадистер арасындағы
насих пен мансухты, яғни хадистің үкімінің жойылып-
жойылмағандығын бір-бірінен дұрыс ажырата білу
керектігіне қатты көңіл бөлетін. Егер қандай да бір
хабар Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бен саха-
балардан сенімді рауилер арқылы келіп жетсе ғана
дәлел ретінде қабылдайтын. Ол Куфа хадисшілері
риуаят етіп жүрген хадистердің бәрін де білетін. Ол
Куфалықтардың фиқһын да жақсы білетін. Сонымен
қатар, өз өңіріндегі тұрғындардың әдет-ғұрыптарына
да мән беретін» дейді.
Шәкірті Әбу Юсуф: «Қай мәселеде болмасын, Әбу
Ханифаға қандай да бір қарсы пікір айта қалсам, ар-
тынан ойға қалып, оның көзқарасының тура бағытқа
432
Сәймәри, 23-б.
433
Таханәуий,
Әбу Ханифа,
12-б.
434
Әсәр – сахаба және табиғиндерге телінген сөз бен іс-амалдар
435
Таханәуий, 12-б.