253
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
Бірде Ұбайдұллаһ ибн Амр білгір хадис ғұламасы
Ағмаштың қасында еді. Бір бейтаныс кісі келіп,
әлдебір мәселеге қатысты сауал қойды. Ағмаш мұның
шешімі қалай болар екен деп ойланып отырған кезде
Әбу Ханифа кіріп келді. Ағмаш өзіне қойылған әлгі
сауалдың жауабын Әбу Ханифадан сұрады. Әбу
Ханифа сол сәтте іркілместен жауап берді. Ағмаш таң
қалып: «Уа, Имам бұны қай хадистен шығардың?» деп
сұрағанда, ол бір хадисті келтіріп: «Міне, осы хадистен
шығардым. Мұны сенен естіген болатынмын»
446
деген-
ді.
Фақиһ ретінде ол үкім шығаруда қолданған
хадистерді риуаяттар арасынан түрлі элементтерін
назарға ала отырып, іріктеген
447
. Ибн Тәймия ешқандай
мүжтәхид имамның Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
келіп жеткен сүннеттің ең елеусізінің
өзіне қасақана қарсы шықпайтындығын, олардың
келіспеген сахих хадистерінде міндетті түрде бір
себептің жатқанын айтады, әрі мынадай үш себепті
атап көрсетеді: 1. Пайғамбарымыз ол сөзді айтпаған
деген сенімі 2. Бұл сөзді айтудағы мақсаттың басқа
екеніне деген сенімі 3. Ол үкімнің мәнсух (жойылған)
болғандығына сенімі
448
.
Дегенмен, Әбу Ханифаның иснадтарымен (хадис
айтушылардың тізбегімен) риуаят еткен хадистері де
аз емес. Әбу Ханифа хадисшілер секілді хадистерді
бір кітапқа топтастырмаса да, айтқан хадистерін
шәкірттері 10-нан астам мүснадтарында (хадистер
жинағы) жинақтап, хатқа түсірген. Таханәуийдің
446
Сәймиәри, 26-27-б.; Мекки, 139-141-б.
447
Осы кітапты қараңыз 269-288-б.
448
Ибн Тәймия,
Мәжмуу фәтәуә,
20-т., 232-б.