Previous Page  256 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 256 / 400 Next Page
Page Background

256

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

(көпшілікке мәлім) емес»

454

деген сөзі Имамның

хадис мәселесінде қаншалықты майталман маман

болғандығын көрсетеді.

Ол дәстүрлі түсініктегі хадис маманы ретінде са-

налмаса да, хадис іліміндегі «Жәрх уә тәғдилде»

455

өзіндік орны болғанын «әл-Жәуәхирул-мудия»

кітабының авторы: «Имам Әбу Ханифа – жәрх пен

тәғдил мәселесінде сөзі өтетін ғалымдардың бірі.

Осы ілімнің маңдайалды мамандары қалайша Имам

Ахмед, Бұхари, Ибн Маин, Ибнул-Мәдәни және осы

саланың басқа да шейхтарының жәрх уә тәғдилге

қатысты көзқарастарын алып, онымен амал етсе, Әбу

Ханифаның да көзқарастарын қабылдап, онымен амал

еткен. Бұл оның абырой-беделін, ілімінің тереңдігін

көрсетеді»

456

деп баяндайды. Оның жәрх пен тағдилге

қатысты хадис жеткізушілер туралы айтқан көптеген

мәліметтері қайнаркөз кітаптарда кездеседі.

Абдуллаһ ибн Мүбарак Әбу Ханифаның хадис

білмеген деп жүргендерге берген жауабынан да оның

осы ілімдегі орнын бағамдауға болады. Ибн Мүбарак:

«Оны қалайша хадис білмеді деуге болады? Одан

кепкен құрма мен кептірілмеген құрманы айырбастауға

болып болмайтындығына қатысты сұрағанда: «Мұнда

тұрған ештеңе жоқ» деді. Оған Сағыд жеткізген хадис

айтылған кезде «ол – шәзз (қайшылығы бар) хадис.

Зәйд Әбу Аияштың риуаятын алуға болмайды» деп

454

Мекки, 95-96-б.

455

Хадис ілімінің бір саласы. «Жәрх» хадис жеткізушінің

бойындағы кешіліктерді (есте сақтау қабілетінің нашарлығы,

өтірікші, сенімсіздігі, пасықтығы, т.б.) анықтаса, «тағдил»

рауидің бойындағы жақсы сипаттарын анықтап, сенімділігін

дәлелдейтін ілім саласы болып табылады.

456

Қурәши, 1-т., 59-б.