260
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
айтқан мәселелері жайында сөз қозғайды. Сонда Әузағи
Әбу Ханифаның расында үлкен ғалым екендігін мой-
ындайды. Кейін Әузағи Ибн Мубаракқа:
– Бұл адамның білімі мен парасат-пайымына
қызықтым. Ол мен ойлағаннан мүлдем басқа адам
болып шықты, – деп
462
, ол жайында түйген пікірінен
айнып, естіген жерде оның есімін құрметпен еске
алатын болды.
Жоғарыда да айтып өткеніміздей, Имам Ағзам
хадисті шариғи дәлел ретінде қабылдауда қатаң та-
лаптар қойған. Сол талаптарға сай келген хадистерді
ғана қабылдаған. Біле-білсек, Әбу Ханифаның хадисті
аз риуаят етуін кемшілік емес, қайта хадис риуаят
етудің ауыр міндет әрі ақыреттегі жауапкершілігінің
ауырлығын сезінуі деп ұққанымыз жөн. Бұл – нағыз
тақуа дін ғалымының бойынан табылатын артықшылық.
Сондықтан, хадисті аз риуаят етуі – оны даттауға
емес, мақтауға тұрарлық амал. Үлкен бір мәзһабқа
жол салып, жүз мыңдаған сауалдарға аят-хадистерден
дәлел келтіре отырып, жауап бере білу Құран мен хадис
ілімін терең білмеген кісінің қолынан келетін іс емес.
Әрі жаңа тәсілдерді дамыта отырып, өзіне тән жаңа бір
мәзһабтың негізін қалау оның Құран мен хадис ілімін
терең меңгергенін нақты көрсетеді.
Жоғарыда да атап өткеніміздей, Әбу Ханифаның
ілім алған тізбегі атақты табиғиндар арқылы Омар ибн
Хаттаб, Али ибн Әбутәліп, Ибн Мәсғуд секілді ғалым,
фақиһ сахабаларға барып тіреледі. Сондықтан, оған
хадисті аз білген деп жала жабу орынсыз
463
.
462
Хайсами,
Хайратул-хисан
, 33-б.
463
Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орнына қатысты кең мәлімет
алу үшін қараңыз: ән-Нұғмани, М. Абдуррәшид
Мәкәнәтул-
Имам Әби Ханифа фил-хадис
, Бейрут, 1416;