Previous Page  266 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 266 / 400 Next Page
Page Background

266

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

жан салмайтын асқан шебер еді. «Бұл үкімнің себебі

не, неліктен бұл оқиға осы үкімді қамтыған» деген

секілді сауалдарының жауабын тез табатын. Сөздердің

тек сыртқы мағынасына емес, түпкі мағынасына үңіліп,

бір-біріне ұқсас оқиғалардың ортақ тұстарын тауып,

оқиғаларды олардың негізгі себептеріне назар аудара

отырып, үкімді мықты бір қисынмен бекітетін. Бұны

жасаған кезде насстағы (аят-хадис) үкімді негіз етіп

алады. Соған ұқсаған басқа жағдайлардың да үкімін

соған орай беретін»

476

дейді.

Міне, осы жерден байқағанымыздай, Әбу Ханифа

ешқашан тектен-тек хадистерді қабылдамай тастаған

емес. Қайта хадис пен сүннетті барлық құндылықтан

жоғары санап, ерекше құрметтегенін, өз ойымен үкім

бермегенін нақты көреміз.

476

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

52-б.