Previous Page  264 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 400 Next Page
Page Background

264

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Бір күні араларында Әбу Ханифа да бар, хадис

оқылып жатқан бір мәжіліске келіп қосылған Куфалық

біреу «хадис айтуды қойыңдар» деген кезде, Имам:

«Егер хадис болмағанда, ешқайсымыз Құранды дұрыс

түсіне алмас едік»

472

дейді. Тағы бір сөзінде «Арала-

рында хадис оқып-үйренушілер бар кезде бұқара тура

жолдан ауытқымайды, хадиссіз ілім үйренген кезден

бастап бұзылады»

473

деп, хадистің діндегі орны мен

маңызын атап көрсеткен-ді.

Сөзіміз дәлелдірек болуы үшін И. Хаккы Үналдың

кітабынан бірнеше мысал келтіре кетейік:

1. Әбу Юсуф былай дейді: «Егер біреу екінші

бір адамның үстінен шағымданып, сөзіне дәлел

келтірсе, Әбу Ханифа бұған қатысты былай дейді:

«(Шағымданушы үшін) куәлермен қоса ант ішу

қажет емес. Өйткені, бізге

«Ант ішу жала жабылған

кісіге, ал дәлел шағымданушыға қажет»

деген хадис

келіп жетті. Аллаһ елшісінің шағымданушы үшін

белгілемеген жауапкершілікті біз бекіте алмаймыз.

Ал ант ішу міндетін Аллаһ елшісі қойған адамнан

басқасына жүктей алмаймыз» деген.

2. Егер сауда-саттықта екі жақ (алушы-сатушы)

таңдау еркіне бір ай мезгілді шарт етіп қосса, бұл сауда

жарамсыз. Өйткені, Пайғамбарымыздан келген риуаят-

та үш күннен артық таңдау еркі берілмейді.

3. Егер адам аумағында ағаштары және басқа

да игіліктері (мысалы, су, құнарлы топырақ, т.б.)

бар жерді сатып алса, саудаласу барысында ағаш,

т.б. игіліктер шартта көрсетілмеген жағдайда, Әбу

Ханифаның көзқарасы бойынша – ағаш алушыға, ал

472

Шағрани,

әл-Мизан,

1-т., 47-б.

473

Шағрани, 1-т., 48-б.