263
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
Әбу Ханифа Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
сөздері мен амалдарына деген ықыласын
қаншалықты ыстық екендігін мынадан байқауға
болады «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында:
«Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтқан барлық
сөздерін естісек те, естімесек те, оған деген құрметіміз
шексіз. Біз оған сенеміз және оның айтқандарының
айдай ақиқат екендігіне куәлік етеміз»
469
– деп, өз
сезімін білдірген. Тағы осы кітабында «Хазірет
Мұхаммедті
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мойындамаған адамның
нендей жағдайда болатындығын сұраған шәкіртіне
Әбу Ханифа: «Аллаһ елшісін мойындамаған адам
− Аллаһты мойындамағанмен тең» деп, бұл сөзіне
дәлел ретінде Құраннан:
«Жоқ, раббыңа серт! Олар
өзара таласқан нәрселерінде сені төреші қылып,
сонан соң сенің берген үкіміңе іштей ауырсынбай,
толық бойсұнбайынша шынайы иман еткен бола
алмайды»
470
деген аятты оқыған.
Әбу Ханифа өзгелердің өзі жайында хадиске қарсы
келеді деген жаласына сол кезде-ақ жауап берген. Бір
риуаятта: «Қандай да бір мәселеге қатысты хадис-
ке қайшы көзқарас айтқандығы жайлы оған хабар
берілгенде, ол өзінің сүйенген хадисін дәлел ретінде
келтіре отырып: «Аллаһқа және елшісіне
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
қайшы көзқараста болған адамды қарғыс атсын!
Аллаһ бізге оны сый ретінде жіберіп, бізді құтқарды»
471
,
– деген.
469
Әбу Ханифа,
әл-Алим уәл-Мутааллим
(Имам Азамның беш
әсері, М. Өз,) Стамбул, 1981, 27-б.
470
«Ниса» сүресі, 65-аят
471
Ибн Абдулбәрр, 141-б.