Previous Page  259 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 259 / 400 Next Page
Page Background

259

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

түсінбегендіктен туындап жатты. Осының нәтижесінде

ол жайында жағымсыз сөздер айтылып, желдей есіп,

кейбір білім жолындағы ғұламаларға да барып жетті.

Мұнымен қатар, Әбу Ханифаның айтқан пәтуасы

басқа ғалымдардың көзқарастарына қайшы келіп

те жатты. Алайда, ол туралы жаман ойда болғандар

Әбу Ханифамен жолыға қалғанда, оның ойын, пікірін

біліп, оның діндар, тақуа екендігін, оның әр мәселеге

егжей-тегжейлі қарайтындығын байқап, ол жайында

айтылған жағымсыз сөздердің жаңсақ айтылғанын

түсініп, дереу өзгеріп, оны мақтап ала жөнелетін. Бұған

қатысты «Хайратул Хисан» атты кітабында Мекки

былай дейді:

«Әбу Ханифа білімімен танымал бола бастағанда,

Әузағидің санасында ол жайында жағымсыз пікір

қалыптасады. Бірақ, екеуі ол уақытқа дейін жолықпаған

болатын. Тіпті, бір мәртесінде Әузағи Абдуллаһ ибн

Мубаракқа:

– «Әбу Ханифа» деген лақап ат тағылған Куфадан

шыққан бидғатшы кім өзі? – деген еді. Сонда ибн Му-

барак оған Әбу Ханифаның атын айтпастан, өте күрделі

мәселелерді түсініп-талдауы, оларға берген пәтуалары

жайында сөз қозғайды. Сонда Әузағи:

– Бұл пәтуаларды айтқан кім? – деп сұрады. Ибн

Мубарак:

– Иракта жолықтырған бір ұстаз,– деді. Әузағи:

– Олай болса, ол үлкен ұстаздардың бірі, оған

барып тағы да білім ал,– деп өсиетін айтады. Сонда

ибн Мубарак:

– Ол кісі – Әбу Ханифа,– дейді. Әрине, мұны

естіген Әузағи таң қалады. Көп ұзамай Әузағи Мекке-

де Әбу Ханифаның өзімен жолығып, Ибн Мубарактың