258
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
мүжтәхид ретінде танылады?! Қалайша басқа ғалымдар
Әбу Ханифаның үкімдерін дұрыс санайды, фиқһымен
шұғылданады, оның айтқандарын осы күнге дейін
сақтап, оқып талқылап келеді? Әрине, бұлай болуы
ақылға сыймайтын жайт екендігі анық.
Әбу Ханифаның мәзһабын оқығандар оның берген
жүздеген пәтуаларының сахих хадиске сай келетініне
көз жеткізе алады. «әл-Қамус»
459
атты еңбектің авторы
Мұртаза әз-Забиди Әбу Ханифаның сүйенген және
оларды Кутубу ситтаның
460
ғалымдары да дұрыс деп
құптаған хадистерін «Уқудул-жауһарил мунифа фи
адиллати Әби Ханифа» атты кітабында жинақтап
жазған. Егер кейбіреулердің айтып жүргеніндей, «Әбу
Ханифа тек қана 17 немес 50 немес 150 хадис қана
біліп, (олардың айтқанындай) «олардың жартысы қате
болса» онда қалайша жүздеген ижтихадтары сахих ха-
дистерге сай келген? Әрине, бұлай болуы мүмкін емес.
Ол өз заманындағы хадистердің көбін білгендіктен,
соған қарай мәселелерді шешіп отырған.
Жалпы алғанда, білімнің қадірін білген, танымал
ғалымдардың Әбу Ханифаны дәріптен, хадисшілер
секілді тек хадиспен шұғылданып, хадис жинақтамаса
да, оның барлық айтқан үкімінің мазмұнымен мағынасы
хадис пен Құранға барып тірелетіндігін мойындаған.
Тіпті, оны хадис ғалымдарының қатарына қосқан
461
.
Әсілі, Әбу Ханифаға қарсы шығудың себептерінің
бірі, өзгелердің оның ижтихад жасау тәсілін
459
«Тажул-арус мин жауаһирил қамус»
деп аталатын еңбегі 40
том болып жарық көрген.
460
Хадисте ең танымал болған алты кітап: Бухари, Муслим,
Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мажә, Насаи.
461
М. әс-Сыбаи, 445-б.