Previous Page  255 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 400 Next Page
Page Background

255

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

және Мысыр елінің хадисшісі Хафиз Мұхаммед ибн

Юсуф әс-Салихилер еді. Әс-Салихи «Уқудул-жуман»

атты еңбегінде: «Әбу Ханифа ең танымал хадис

ғалымдарының бірі. Егер Әбу Ханифа хадистерді терең

түсінбегенде құқықтық үкім шығаруға шамасы жете

қоймас еді, әрі имам Зәһәбидің «Табақатул-хуффаз»

(хадис хафиздары) атты еңбегінде оны хафиздардың

арасында атауы өте орынды» деген

450

.

Муаффақ әл-Мекки Әбу Ханифаның үкім шығаруда

риуаят еткен хадисінің төрт мыңды құрағанын, оның

екі мыңын ұстазы Хаммадтан, қалған екі мыңын басқа

ұстаздарынан алғандығын, ал «Әсәрда»

451

сүйенген

дәлелдерін қырық мың хадистен таңдап алғанын

жеткізген

452

.

Әнәс Ибн Сирин ол аймақтың ғылыми дәрежесін

баяндай келіп: «Куфаға барғанымда төрт мың хадис

үйренушіні көрдім, олардың арасынан төрт жүзі үкім

шығара алатындай хадисті терең меңгерген»

453

деп

баяндаған.

Әбу Ханифаның шәкірті, хадис саласының маманы

саналған Әбу Юсуфтың «Әбу Ханифаға хадистерді

жеткізетінмін. Кейбіреулерін қабылдап, кейбіреулерін

қабылдамайтын. Бұл сахих емес немесе мағруф

450

М. әс-Сыбаи,

әс-Сунна

, 490-б.

451

Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған хадистерін

шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір деректерде ол «Китабул-

әсәр» деп те аталады.

452

Мекки, 84-85-б.; Нумани, «Китабул-Әсардың кіріспесінде»,

(аударған: М. Өзшенел), Сакария университеті Илахият

факультетінің журналы, 1 нөмір, 1996, 236-б.

453

Али Жума,

Мадхал иләл-мәзәһибил-фиқһия,

«Дәрус-сәләм» ба-

спасы, Каир, 2004, 90-б.