251
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
еді. Кәміл дабт (есте сақтау) шартын ұстанғандықтан,
аз риуаят етті», – дейді
442
.
Сонымен қатар, оның хадисті аз риуаят етуінің тағы
бір себебі, өзі өмір сүрген кезеңіндегі Ирактың нағыз
хадис шығарудың орталығына айналып кеткендігіне
барып тіреледі. Ол кезде Ирак ислам елдерінің
арасындағы төнкеріліс пен түрлі қозғалыстардың
орталығы еді. Міне, сондықтан жалған хадис
айтушыларға Иракта қолайлы орта қалыптасты. Осы
себептен Әбу Ханифа хадисті сахих деп қабылдау
үшін, хадис риуят етушіге қатал шарттар қойды. Тек
сенімді, әділдігімен танымал риуятшылардың мәшһүр
(көпшілікке мәлім) хадистерін ғана қабылдады. Осы-
лайша, Әбу Ханифа хадис зерттеп, оның дұрыстығын
қадағалауда хадис ғалымдарынан да асып түсті.
Хадисшілердің шарттарына қарай хадис дұрыс деп
саналса, Әбу Ханифа үшін ол хадис әлсіз болып
қалды
443
.
Имам Ағзамның хадис риуаят етудегі әдісі
мухаддистердікінен өзгеше еді. Хадисшілердің
негізгі міндеттері көбіне хадистерді жаттау, өзгелерге
жеткізуден тұрғандықтан, фиқһи мәселелерді егжей-
тегжейлі біле бермеген. Сондықтан хадис маманы үшін
фиқһты білу маңызды болып саналған. Бұл жайында
Әбу Ханифа былай деген: «Фиқһ саласын білмейтін
хадисшінің мысалы дәрілерді жинап алып, қай науқасқа
қай дәрінің қолданылатынын білмей, дәрігердің келуін
күтетін дәріханашы тәрізді. Осы секілді хадисшілер
442
Сарахси,
Усул
, 1-т., 350-б.
443
И. Хаккы Үнал, 59-б.