Previous Page  254 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 400 Next Page
Page Background

254

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

де атап көрсеткеніндей, хадис хафыздарының

жинастырған Әбу Ханифаның муснадтары, Имам

Мұхаммедтің «Китабул-әсәр әл-марфуа», «Муатта»,

«Китабул-хужжа», «әл-Асл», «Зиядат», «әл-Жәмиғус-

сағир», «әл-Жәмиғул-кәбир» мен «әс-Сиярул-кәбирі»,

Әбу Юсуфтың «Китабул-Әсар», «Китабул-харадж»

және т.б. кітаптары, Уәқи ибн Жәррахтың «Муснәды»,

Абдурразақ пен Ибн Әбу Шәйбаның «Мусаннафтары»,

Хакимның «Мүстәдрәгі» мен басқа да кітаптары, Ибн

Хиббанның «Сахихы», «Сиқаты» мен т.б. кітаптары,

Бәйхақидің «Сунәні», Мәліктің «Ғараибы» мен тағы

басқа кітаптардағы Әбу Ханифаның риуаяттарын

жинаса, көлемді еңбек болатынын айтқымыз келеді

449

.

Қадиул-қудат Әбу Муайяд Мұхаммед ибн Махмуд

әл-Харезми бұлардың көпшілігін «Жамиғул-Масанид»

атты еңбегінде хадистерді фиқһи тарауларға бөліп,

топтастырып, қағазға түсірген. Аталмыш кітаптың

кіріспесінде: «Шам қаласында кейбір жаһил (сауат-

сыз) адамдардың Әбу Ханифаның дәрежесін түсіріп,

«төмендеткендерін» естідім. Хадисті аз мөлшерде

біледі деп жала жабуда. Бұған дәлел ретінде Имам

Шафиғидің «Муснады», ал Имам Мәліктің «Муат-

тасы» барын, ал Әбу Ханифаның бірде-бір муснад

жазбағандығын айтқан. Бұларды естігеннен кейін Әбу

Ханифаның білімін елге танытуды діни борышым

деп біліп, ең танымал ғалымдардың Әбу Ханифадан

естіп, жазған 15 мүснадтың арасынан жинақтап бір

кітап шығаруды ұйғардым» деген. Аталмыш кітап

800 бет көлемінде басылып шықты. Мүснадты оқып,

риуаят еткен және хадис жазған Шам қаласының ең

танымал хадисшісі – Хафиз Шамсуддин ибн Тулун

449

Таханәуий,

Әбу Ханифа,

18-19-б.