Previous Page  250 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 250 / 400 Next Page
Page Background

250

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

осыған дәлел ретінде Абдуллаһ ибн Мүбарактың «Әбу

Ханифаның көзқарасы демеңдер, хадисті тәпсірлеуі

деңдер»

439

деген сөзін келтіруде. «Уқудул-жуман»

кітабының авторы Мұхаммед ибн Юсуф әс-Салихи

да осы мәндес ойын былай келтіреді: «Әбу Ханифа

хадис хафыздарының алдыңғы қатарлы ғалымдарынан

еді. Егер хадистерді терең білмегенде шариғат

үкімдерін шығаруы оңайға соқпас еді. Зәхәбидың оны

«Табақатул-хуффаз» (хадисті көп жаттаған хафыз-

дар) кітабына кіргізуі орынды-ақ. Ол былай дейді:

«Хадисті көп білгендігіне қарамастан көбіне фиқһтық

үкім шығарумен шұғылданғандықтан, Әбу Ханифадан

риуаят аз жеткен. Имам Мәлік пен Шафиғиден риуаят

етілгендер де естігендерінен аз болған. Дәл осы секілді

көп білгендеріне қарамастан, Әбу Бәкір мен Омар

секілді үлкен сахабалардан өздерінен төмен дәрежедегі

сахабаларға қарағанда риуаяттар аз келген»

440

.

Имам Сарахси сахабалар мен табиғиндардың хадис

риуаят етуде мұқияттылық танытқандығын, әр естігенін

Пайғамбарымыз айтты деп айта бермегендігіне

қатысты көптеген мысалдарды

441

бере отырып: «Міне,

осы секілді көптеген оқиғалар хадисшілерге мәлім.

Сондықтан Әбу Ханифа хадис риуаят етуді азайтты.

Сондықтан да, кейбіреулер оған хадис білмейді деп

жала жапты. Алайда, ол олардың ойлағанындай емес

еді. Керісінше, өз дәуірінде хадистің ең білгір ғалымы

439

Таханәуи, 17-б.

440

Салихи, 25-беттен И. Хаккы Үнал, 61-б.

441

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Кімде-кім менің

атымнан жалған сөз айтса, жаһаннамдағы орнына дайын-

дала берсін»

деген хадисін негізге алған сахабалар хадисті

мейлінше аз риуаят етуге тырысқан.