Previous Page  249 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 400 Next Page
Page Background

249

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

бастайтынына көз жеткізетінмін. Мен хадистермен де

көп шұғылдандым. Бірақ, ол хадистің сахихын маған

қарағанда тез аңғаратын. Бұл мәселеде оның зейіні

терең еді» дейді

436

.

Әбу Ханифа хадис зерттеу мәселесінде, тіпті,

өзінің ұстаздарын басып озған көрінеді. Зәхәби

«Манақибу Әби Ханифа» атты еңбегінде Имам Мисар

ибн Қидамның «Әбу Ханифамен бірге хадис үйрендім.

Бірақ, ол бізді шаң қаптырып кетті. Тақуалық жолға

түстік. Соның өзінде бізден оқ бойы озық тұрды. Содан

кейін фиқһ ілімін үйренуге кірістік. Бұл саладағы

жетістігі болса да белгілі» дегенін жеткізеді

437

. Өз

кезегінде имам Мисар ибн Қидам хадис саласында

есте сақтау қабілеті мен тақуалық жағынан Ирактың

мақтан тұтар тұлғаларының бірі әрі Әбу Ханифаның

ұстазы еді

438

.

Таханәуи хадисшілердің хадис риуаят етуде хадисті

аз да емес, көп те емес, орташа риуаят еткендердің

қатарынан саналған хазірет Омар, Али, Абдуллаһ

ибн Мәсғуд (р. анһум) секілді, сахабаларды хадиске

сүйенген көзқарастарының көптігіне байланысты

муксирун (мыңнан артық хадис риуаят еткен сахаба-

лар) қатарынан санауға болғаны секілді хадистерге

сай, түбінде соларға негізделетін мыңдаған көзқарас

пен үкімі бар Әбу Ханифаны да көп хадис риуаят

етушілердің қатарына қосуға болатынын айта отырып,

436

Аллаһ достлары

, 4-т., 276-б.

437

Зәхәби,

Манақиб

, 27-б.

438

М. Абдуррәшид ән-Нұғмани,

Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа

фил-хадис,

Бейрут, 1416. Бұл еңбек түрік тіліне аударылған.

Қараңыз: М. Абдуррәшид ән-Нұғмани,

Имамы Ағзам Ебу

Ханифенин хадис илминдеки йери,

(ауд. Ә. Йылдырым,),

Стамбул, 2004, 19-б.