262
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
қарай отырып, әсіресе, Пайғамбарымыздың соңғы
кезеңде айтылған хадистерін негізге алған. Әбу Ханифа
бір-біріне мән-мағынасы қайшы келген хадистерді өзара
біріктіруден гөрі, соңғы үкімдердің алдыңғыларды
жойған деген пікірді ұстануы оның «Фиқһтық үкімдер
өмірдің өзгеруіне қарай өзгереді» деген пікірінің
нәтижесінен туындаған. Өзі пәтуа берген мәселеде
егер дәлелдігі күшті сахих хадис табылған жағдайда
өз көзқарасынан қайтып отырған. Тіпті, ол мүрсәл
хадистердің өзін дәлел ретінде қабылдаған
465
.
Әбу Ханифаның хадис пен сүннет түсінігі
Хадис пен сүннеттің шариғатта ең негізгі қайнар
көз екенін қабылдауда Әбу Ханифаның өзге мүжтәхид
имамдардан ешқандай өзгешелігі жоқ. Осыған қатысты
ол: «Мен кітаппен амал қыламын, егер одан таба алма-
сам, Аллаһ елшісінің сүннетінен аламын...»
466
– деп,
алдымен Құранға, екінші кезекте хадиске қарайтынын,
үңілетінін ашық айтып, хадистен аттап кетпейтіндігін
көрсеткен-ді.
Тағы қастерлі бір сөзінде: «Аллаһ елшісінен жеткен
барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай»
467
, –
дейді. Осман әл-Баттиге жазған хатында: «Біліп қой!
Үйренген және басқаларға үйреткен нәрселердің ең
абзалы – сүннет»
468
, – деген.
465
Ләкнәуий, әр-Рәфу уәт-тәкмил, 23-б.; Сонымен қатар Әбу
Ханифаның хадис іліміндегі орнына қатысты орыс тілінде
мәлімет алу үшін қараңыз:
Статус Имама Абу Ханифы в Науке
«Хадис»
http://laysajamil.wordpress.com/2010/12/26/abuhaneefa-in-hadeeth/
466
Ибн Абдулбәрр,
әл-Интиқа,
143-б.,
467
әз-Зәхәби,
Манақибу Имам Ағзам,
33-б; Ибн Абдулбәрр,
әл-
Интиқа,
144-б.,
468
Әбу Ханифа,
Рисала ила Осман әл-Батти
, 69-б.