Previous Page  268 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 268 / 400 Next Page
Page Background

268

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

болатын

478

. Сонымен қатар, мұндай әдісті өзге фиқһ

ғұламалары да басты қағида ретінде қабылдаған. Әбу

Ханифа бұл жайлы былай дейді: «Егер Пайғамбар

Құранға қарсы келіп, Аллаһқа (сөздеріне қарсы)

ақиқаттан басқа бір нәрсе қосып айтар болса, Аллаһ

тағала Құранда айтқандай

«Егер ол елші (Мұхаммед)

біздің атымыздан жалған айтар болса, оны

мықтап тұрып қолға алып, күре тамырын үзер

едік, ешқайсың оған араша түсе алмас едіңдер»

479

дегеніндей, Аллаһ тағала оның күре тамырын үзер еді.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қасиетті кітапқа қарсы

келе алмайды...Біз оның барлық ісінде Аллаһ тағаланың

әміріне сай амал жасағанына куәлік келтіреміз.

Ол Аллаһ айтпағанды айтты деп, өз ойынан қосып

сөйлемеген. Сондықтан, Аллаһ тағала

«Кім Елшіге

мойынсұнса, Аллаһқа мойынсұнғаны»

480

деген»

481

.

Әбу Ханифаның хадистердің Құранға қайшы

келмеуіне айрықша мән бергені секілді, оның жолын

ұстанған шәкірттерінен де осы ұстанымды көре

аламыз. Осыған қатысты Әбу Юсуф: «Риуаяттар

көбейген сайын олардың арасынан көпшлікке мәлім

емес, фиқһ ғалымдары да білмейтін, Құран мен

сүннетке қайшы келетін риуаяттар пайда болды. Шаз

(қайшылығы бар) хадистерден сақтан. Хадисшілер мен

478

Осыған қатысты көптеген мысалдар үшін қараңыз: Зәркәши,

әл-Ижәбә ли ирәди мә истәдрәкәтһу Аишәту алас-сахаба,

(Тахқиқ С. әл-Афғани), әл-Мәктәбәтул-Исләмия, 3-басылым,

Бейрут, 1980. Бұл кітап түрік тіліне де аударылған: Зәркәши,

(аударған Б. Ерул)

Хз. Айшенин сахабелере йөнеттиги елеш-

тирилер,

Китабиат баспасы, Анкара, 2002

479

«Хаққа» сүресі, 43-46-аяттар

480

«Ниса» сүресі, 60-аят

481

Әбу Ханифа,

әл-Алим уәл-мутааллим,

26-27-б.