269
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
фақиһтардың қабыл еткендері және Құран мен сүннетке
сай келетіндерін ғана ал. Қалғандарын соларға қарай
отырып бағамда. Өйткені, Құранға қайшы келген нәрсе
Пайғамбардан риуаят етілген деп айтылуы мүмкін.
Шындығында, бұл жаладан басқа түк емес»
482
дейді.
Осы негіздерге сүйенген ханафилер Құранға қайшы
келген ахад хадистерді рухани тұрғыдан тізбектің үзіліп
қалуы себебіне байланысты қабылдамаған. Бұл мута-
уатир және мәшхүр хадистерді қоспағанда, көптеген
хадистерді қамтыған көзқарас әрі осы Құранға сәйкес
келу ұстанымына негізделген әдістеменің нәтижесі
болып табылады
483
.
2. Ақылға сай келуі
Сахабалар кезеңінде кейбір хадистердің ақылға
сай келіп-келмеуіне орай қарастырылғандығына
қатысты мәліметтер қайнаркөз кітаптарда бар. Ибн
Аббас пен Айша (р.а.) анамыздың кейбір сахабалардың
айтқандарына қарсы шығуы да осы мәселеге қатысты
еді
484
. Осыған қатысты бірер мысал келтіре кетейік.
Мысалы, Әбу Хұрайра риуаят еткен «Зинадан туған
адам ең жаман деген үш адамның ең оңбағаны» деген
хадисті естігенде, Ибн Аббас: «Егер зинадан туған
бала ең жаман деген үш адамнан да төмен болса, онда
анасының тас боранға тұтылуы үшін туғанға дейін
күтудің қажеті болмас еді»
485
деген. Әбу Ханифаның
хадистерді талдаған кезде осындай өлшемді негізге
алғанын көрсететін нақты сөздері жоқ. Бірақ, құқықтық
482
Әбу Юсуф,
Рәдд
, 31-б.
483
И. Хаккы Үнал, 86-б.
484
Зәркәши,
әл-Ижәбә,
64-беттен ары қарай
485
Бұл да сонда, 107-109-б.