271
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
өткеніміздей, патшаның рұқсатын қоғам тыныштығын
сақтау үшін шарт етіп қосқан. (Әбу Юсуф) Менің
көзқарасым бойынша, егер ешкім зиянын тигізбесе,
дау-дамай туғызбаса, Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
рұқсаты қиямет қайымға дейін жалғасады. Егер
біреуге зияны тиер болса, «Басқа адамға тиесілі жерді
рұқсатсыз егін егіп пайдаланған кісінің ол жерде
ешқандай ақысы жоқ» деген хадиспен оған тиым
салынады»
487
.
Көріп отырғанымыздай, ӘбуЮсуф өзінің көзқарасы
ұстазыныкіне қайшы келгенімен, ұстазының ақылға
сала отырып мәселені шешуін орынды деп тауып,
хадиске қайшы үкім бермегенін айтуда.
Имам Мұхаммед бір хадиске сүйене отырып, Аллаһ
жолында жихад жасаушы адамның аузы берік болған
жағдайда жихадының одан да сауаптырақ болатынын
айтады. Өйткені, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Амалдардың ең абзалы орындалуы қиын соққаны»
деген хадисі бар. Бірақ, Әбу Ханифа мұны ақылға сала
отырып, қажылық жасаушының өзінің ауыз бекіткенін
құптамаған. Өйткені, ол бауырларымен керісуге жол
ашуы мүмкін. Ал бұған дінде тиым салынған
488
.
3. Адам баласына деген құрмет
Басқа мәзһаб имамдарымен салыстырғанда адам
факторына ерекше мән берген, адами құндылықтарды
мүмкіндігінше барынша қорғауға тырысқан Имам
487
Әбу Юсуф,
Китабул-хараж,
64-б.
488
Сарахси,
Шәрхус-сиярил-кәбир,
1-т., 11-б.; Қажылық кезінде
керісуге тиым салған аятқа қараңыз: «Бақара» сүресі, 197-аят;
И. Хаккы Үнал, 88-89-б.