Previous Page  270 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 270 / 400 Next Page
Page Background

270

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

мәселелерге қатысты қабылдаған хадистер мен оларды

түсіндіруі осындай ойға жетелейді.

Мысалы, Әбу Ханифа «Бос (қараусыз жатқан)

жерді игерген (егін егіп, өңдеген, т.б.) адам патшаның

ғана рұқсатымен ол жерді иелене алады» дейді. Алайда,

«Кім бос жатқан жерді «тірілтсе», ол соған тиесілі

болады»

486

деген хадисте патшаның рұқсаты жайлы

сөз қозғалмаған. Шәкірті Әбу Юсуф та осы хадиске

сүйене отырып, патшаның рұқсаты шарт емес дейді.

Одан Әбу Ханифаның бұл мәселеге қатысты қандай

дәлелің бар деп сұралған кезде, «Бұл мәселеге қатысты

оның дәлелі мынау: Жерді игеру тек қана патшаның

рұқсатымен жүзеге асады. Басқаша жағдайда ол

талас-тартыс тудырады. Мысалы, бір жер теліміне

екі адамның көзі түсті делік. Екеуі де жерге иелік

еткісі келеді. Әлбетте, мұндай жағдайда ол екеуінің

арасында дау тумай тұрмайды. Сонда кімдікі дұрыс

саналмақ? Егер айдаладағы біреу басқа бір адамның

үйінің айналасындағы жерді өңдегісі келсе, жердің

иесі: «Ол жер менікі, сен маған қиянат етесің» десе,

бұл жағдайда не істеу керек?» дейді.

Әбу Ханифа бұл жерде патшаның рұқсатын ел ара-

сында алауыздық пайда болмас үшін шарт етіп қосқан.

Оның пәтуасы дұрыстығына күмән туғызбауы тиіс.

Неге десеңіз, патшаның рұқсат етуі немесе тиым салуы

адамдардың араздасуына және зиянға ұшырауына жол

бермейді. Әбу Ханифаның бұлай үкім шығаруы хади-

ске қайшы емес. Егер «Патшаның рұқсатымен жерді

пайдаланып өңдесе, жер оған тиесілі емес» десе, онда

хадиске қарсы шыққан болар еді. Өңдеген жер соныкі

деу арқылы хадисті мойындап тұр. Жоғарыда айтып

486

Бұхари, Харс, 15; Әбу Дәуіт, Имара, 37