Previous Page  275 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 275 / 400 Next Page
Page Background

275

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

5. Түпкі мақсатқа тура келгенін таңдау

Әр түрлі хадистер арасынан түпкі мақсатқа тура

келгенін таңдау – хадис талдауда Әбу Ханифаның

баса назар аударған мәселелерінің бірі. Бұдан бұрын

да айтып өткеніміздей, фақиһ ғалымдардың міндеті –

естіген хадистерін екінші біреуге дәл естіген күйінде

жеткізу емес, сол хадистерден негізгі мақсатқа сай

үкімдер шығару. Ал бұл өз кезегінде хадистерді

тереңірек түсіну әрі хадистен үкім шығаруға қатысты

жақтарын мұқият зерттеу арқылы ғана мүмкін болмақ.

Бұл – тек қана Имам Ағзамға тән емес, басқа да

фақиһтар ұстанған әдіс. Әрине, бұл әдісті ешкім ха-

диске қарсы келу деп түсінбеген. Енді осы аспектіге

қатысты бірнеше мысал келтіре кетейік.

1. Пайғамбарымызға келіп, мұсылмандығын жа-

риялап, серт берген Куләйб атты кісіге ол: «Басыңдағы

(күпірліктің белгісі болған) шашыңды алып таста»

дейді. Сонда әлгі кісі шашын алғызып тастайды.

Имам Мұхаммед хадисті келтірген соң, «Бұл Ис-

ламды жаңа қабылдаған адамдардың бәріне уәжіп емес.

Өйткені, Пайғамбарымыз сахабаларының көбісіне

осылай әмір бермеген. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өзіне серт беріп, мұсылмандықты қабылдаған кісінің

шашын тым сәндеп, сонысын мақтан еткендіктен,

оның бұл сәнқойлығы Ислам дінінің талаптарымен

қабыспайтындығы үшін Куләйбке осылай әмір етуі

мүмкін. Мұны ғұсыл құйынумен бірдей көріп, қатып

қалған қағида деп түсінбеу керек. Мұсылмандықты

қабылдаған кезде ғұсыл құйыну − уәжіп» деген. Осы-

лайша, имам Мұхаммед Пайғамбарымыздың басқа

мұсылмандарға бұйырмағанын, Куләйбке әмір етуінің